2.1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы.
1991 жылы Казақстан халкының42,4%-ы (7млн 124,6 мың) ауылда тұрды. Халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілуі жағынан ауыл қалаға қарағанда көп артта қалды. Ең алдымен ауылдың қаражатпен қамтылуы өте баяу жүрді. Мысалы, 1991 жылға қарай Қазақстандағы ауылдық жерлерде халықтың тұрғын ұймен қамтылу мәселесі басқа республикаларға қарағанда артта қалды. 90 жылдарға қарай Қазақстанда 67,5 мың шақырым асфальтталған автомобиль жолы болса да, ауылдық жерлерді көлікпен қамтамасыз ету ісі нашар дамыды. Ауылдың әлеуметтік жағдайы 90 жылдардың басына қарай күрт нашарлады. 70 жылдары болашағы жоқ деген желеумен көптеген ауылдардың, сонымен бірге мәдени орындардың жойылуы ауылдықжерлердегі халықтың әлеуметтік жағдайын қиындатты. Халық күнделікті тұтынатын өнімдердің көбі азайып кетті.
Ауылдықжерлердегі халыққа білім беру ісінде көпте-ген олқылықтар байқалды. Ауыл мектептерін заман талабына сай компьютермен қамтамасыз ету артта қалды. Көп мектептерде окушылар саны күрт азайып кетті. Ауылдық жерлерде білікті дәрігерлер жетіспеді, кейбір ауылдарда дәрігерлік мекеме жоқ болды. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Жезқазған облыстарында халықтың әлеуметтік жағдайы өте нашар болды.
Достарыңызбен бөлісу: |