Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



бет104/196
Дата05.02.2022
өлшемі4,39 Mb.
#19428
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   196
Қоғамдық-саяси қозғалыстар
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандануына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

  1. жылы Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Қозғалыстың мақсаты - республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сүлейменов. Ақын, қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экология-лық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.

  1. жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.
Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын кұрды.
1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды.
1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция екілдері кірді.
Осы кезде «Желтоқсан» партиясы қүрылды. Бұл партияның қүрамына 198бжылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.
1989 жылы «Әділет» қоғамы кұрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру көзіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақ-станда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақтілі», «Мұсылман әйел-дер лигасы» сияқты қоғамдық-саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қоз-ғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық-саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезіңде болды. «Невада-Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.
1990 жылы Қазақстан коммунистік партиясы кұра-мында 800000-ға жуықмүше болды. Осы кезден бастап компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделі түсуіне айтарлықгай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42%-ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.
90 жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған казактар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15қыркүйекте Орал каласында казактар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабыддады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет