Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары



бет105/196
Дата05.02.2022
өлшемі4,39 Mb.
#19428
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   196
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары
80 жылдардың соңына қарай Қазақстанның сыртқы экономикалық рынокқа шығуына біршама мол мүмкіндіктер туды. Экспортқа тауар шығару жөнінде Қазақстан КСРО-да 5-орында болды. Қазақстан тарапынан экспортқа шығаратын өнімнің 97%-ы шикізат болды. Одақ көлемінде экспортка шығаратын мыстың 72%-ы, фосфордың 90%-ы, қорғасынның, мырыш пен хромның 100%-ға жуығы Қазақстан үлесіне тиді. Егемендік алған жылдары елімізде сыртқы экономикалық қатынасқа байланысты «Қазақ КСР-дегі сыртқы экономикалық қызметінің принциптері туралы», «Қазақ КСР-дегі шетел инвестициялары туралы» т.б. заңцар қабылданды.
Сыртқы экономикалық байланыстың кеңеюі нәтижесінде елімізде Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі, Сыртқы экономикалық банкі сияқты ірі ведомстволар құрылды.
1990 жылы Қазақстан және Сауд Арабиясы біріккен «Аль-Барака-Банк-Қазақстан» банкі құрылды.
«Самсунг», «Голд Стар» сияқты Оңтүстік Кореяның ірі компаниялары Қазақстанда өз өкілдіктерін ашты.
1991 жылы Қазақстанда шетелдің 24 біріккен кәсіпорны жұмыс істеді. Біріккен кәсіпорындардың көбі халық тұтынатын тауарлар шығаруға бағытталды.
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1990 жылы 21,7 млн сомды құрады. Алматы-Үрімші-Алматы әуе жолы, Жаркент-Инин автомобиль жолы іске қосылды. Республикада Жәйрем-Атасу, Қарағанды, Маңғыстау сияқты еркін экономикалық аймақтар сыртқа экономикалық байланыс жасайтын негізгі бағыттар болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет