Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


«Тың және тыңайған» жерлерді игеру



бет97/196
Дата05.02.2022
өлшемі4,39 Mb.
#19428
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   196
4.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру.
Тың жерлердіңигерілуі 1954жылыбасталды. 1954 жы-лы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн гектар жаңажер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 миллион гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын. Тыңжерлердіңигерілуі Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді.
Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшылар келді. 1953-1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мыңмеханизатор келді. Мысалы, 1954 жылы Ақмола облысына тыңды игеру үшін 20000-ға жуық адам келді. Тың игеруді жеделдету мақсатында көптеген шаралар қолданылды. Басқа өңірлерден тың игеруге келгендерге көптеген материалдық жеңілдіктер жасалды. Тың игеруге келген әр адамға 150-1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлікт.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауыл шаруашылық салы-ғынан босатылды.
1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық ондіру келемі жонінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалдық елге айналды. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, қүрылыстар, мәдени обьектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар теселді.
Тың игерудің салдары. Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650000 тың игерушінің 150000-ы ғана механизатор болды. Нәтижесінде көптеген тәртіп бұзушылықтар, қылмыстар етек алды.
Тың игеруге байланысты совхоздарға көбінесе тозған, бұлінген тракторлар мен комбайндар, ауыл шаруашылық техникасы жіберілді.
Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса кеп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Миллион-даған гектар жерлер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Мал шаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет