Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



бет5/21
Дата27.12.2016
өлшемі4,39 Mb.
#5838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Бекіту сұрақтары:

1.Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауының себептері неде?



2.1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР- інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтары туралы қандай жарлық шығарды?

3. Қазақстанды жайлаған 1931-1932 жж аштықтың болуына не себеп болды

4. Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтардың тағдыры қалай болды?

Әдебиеттер:

1. Қозыбаев М. Ақтандықтар ақиқаты: оқу құралы. А, 1992

2.Күзембайұлы А., Абиль Е.А.История Казахстана, Учебник для Вузов. 7-е изд. Перераб. и доп. – СПБ, Саларт, Санкт-Петербург 2004

3.Әбуев Қазақстан тарихының «Ақтаңдақ беттерінен. А, 2004.

4.Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). 1-кітап, А -1998

5.Қозыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски. В двух книгах. Книга первая. А, 2000

6. Қозыбаев М.К.«Өркениет және ұлт». А, 2001

7.Қойгелдиев, Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді.А,1997.




Лекция №8-10 Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа экономикалық

саясат (ЖЭС).
Негізгі ұғымдар: Кіші қазан, оппозиция, социалистік индустриализацияның принциптері, жаңа экономикалық саясат. “Кулактар”

Мақсаты: Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа экономикалық жағдай және өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы туралы тарихи ақиқатын таныту.
Жоспар:

1. ЖЭС-қа дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай.

2. ЖЭС жылдарында Қазақстан экономикасы.

3. Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы.

4. Ф.И. Голощекин және “Кіші қазан” революциясы

5. Қазақстандағы социалистік индустриализацияның принциптері және оның ерекшеліктері.

6. Елдің индустриалдық дамуның алғашқы қадамдары және дамуы.

7.Қазақстандағы мәдениет қүрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940 жж).

Лекция


1. ЖЭС-қа дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай. РКП(б)-нің X съөзінің жаңа экономика саясаты (ЖЭС) және оның Қазакстан халқын ашаршылыққа ұшыратуы. Жер-су реформасын жүзеге асыру. 1920 жылдың аяғында Коммунистік партия жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС) әзірлеуге кірісті. 1921 жылғы ақпанның басында Ленин азық-түлік салғыртының орнына азық-түлік салығын енгізудің қажеттігін атап корсетті.жылдың 8-16 наурызында партияның X съезі өтті.В.И.Ленин Орталық Комитеттің есепті баяндамасы мен натуралды салық туралы баяндамасында салғырттан азық-түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін жете дәлелдеп берді.

Социализмнің экономикалық негізін салу үшін жаңа техникалық базада ірі өнеркәсіпті қалпына келтіріп, қайта құру керек болды, ал бұл үшін жұмысшыларды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын ең адцымен қалпына келтіру керек бодды. Ауылшаруашылық өндірісін көтеруге еңбекші шаруалар бүқарасын ынталандыру керек болды, бірте-бірте, ептеп-ептеп миллиондаған бытыраңқы шаруалар шаруашылығын социализм жолына көшіруге негіз дайындай беру керек болды; ал қала мен деревняның, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының экономикалық байланысты тауар айналымынан капиталистік элементтерді ығыстыра отырып, сауда арқылы ұйымдастыру керек болды. ЖЭС дегеніміз капитализмге белгілі шамада уақытша жол бере отырып, бірақ халық шаруашылығын билеу тізгіндерін міндетті түрде пролетарлық мемлекеттің қолында сақтай отырып, жұмысшылар мен шаруалардың экономикалық және саяси одағын нығайтуды, пролетариат диктатурасын нығайтуды көздейтін пролетарлық мемлекеттің айрықша саясаты еді. ЖЭС бастапқы кезде және белгілі мөлшерде шегіну бодды, бірақ жұмысшылар мен шаруалардың капитализмге қарсы жаңа шабуылға көшуіне қажетгі шегіну еді. ЖЭС капиталистік элементтермен өзінің күресінде социалистік элементтердің басым өсуін, социалистік элементтердің капиталистік элементтерді жеңіп шығуын, қанаушы таптарды жоюды, социализм орнатуды көздеген еді.

Съезд партияның соғыс коммунизмі саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу жөніндегі ұстаған бағытын мақүлдап, салғыртты азық-түлік салығымен ауыстыру туралы шешім алды. Шаруалар шаруашылығына сальшатьш салықтың міндетті мөлшері белгіленді, өйткенмен артық өнімдерді шаруаның өзі толық билейтін болып, ал өнімдерді шаруа өнеркәсіп товарларына айырбастауға, базарға шығарып сатуға мүмкіндік алды.

Қазақстанның жағдайы 1916 жылғы ойран Жетісуда, әсіресе, қазақтарды үлкен қиыншылыққа ұшыратты. Он мындаған адам көтерілісте қырылды. 300 мыңы Қытай асып, елінен, жерінен айырылып қадды. Революцияға дейін шұрайлы жерінен айырылған халық ашаршылыққа ұрынды. 1917-1918 жылдары Түркістанда 1,114 миллион адам аштан қырылды. Оның 75 проценті қазақтар. 1919 жылғы Т.Рысқұловтың бастауымен Түркістан өлкесінде аштарға көмек беру комиссиясы құрыдды. Бірақ соның өзіңде бұл өлкеге жеңілдік жасалмады. Азық-түлік Қазақстанда 1920 жылы қандай мөлшерде жинальш, орталыққа жіберілгені жоғарьда айтылды. 1921 жылы Қазақстанның 5 губерниясы, кейбір уездері ашаршылыққа үшырады. Бұл губерниялар (ішінде Семей губерниясы да бар) Қазақ АССР ОАК-інің өтініші бойынша, 1921-1922 жылдары азық-түлік салығынан босатылды. Сондай-ақ Қазақстандағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі хальйк, ет, сүт, тері, жүн төлеуден босатылды.

2. ЖЭС жылдарында Қазақстан экономикасы. Қазақстандағы ашаршылық тек 1921 жылмен шектелмейді, одан әлдеқайда бұрын басталды, бірак оның мөлшері, халықтың шеккен зияны әлі толық анықталмай келеді. Бір ескерерлік жайт — ЖЭС-те бізге жақсылык әкелмеді. 1921 жылы күзде Лениннің өзі Арал балықшыларына хат жазып, орталыққа балық алғызды, Тіпті Ақмола, Семей губернияларынан 1921 жылы ашыққан неміс жұмысшыларына астық жөнелтіліп, оларды "таң калдырдық". 1921 жылы Мәскеу Қазақстаннан 1920 жылдың орындалмаған 20 миллион пұт астығын жинауға әрекеттенді. Бұған тек шаруалар ғана емес, осы әрекеттің жөнсіздігін түсінген кейбір Кеңес кызметкерлері де наразылық біддірді. Осыған қарамастан, 1921 жылы мамырда Мәскеу мен Ленинградтан Павлодарға 7 мың жұмысшы және 2,5 мың адамнан құралған бірнеше автоколонналар келіп түсті. Астық жоспарын орындату мақсатымен кейбір губернияларға зат айырбасын жасауға әртүрлі тауарлар да жіберілді. Бірақ Кеңес өкіметінен жүрегі шайлығып қалған шаруалар бұған сенбеді және ел ашығып жатқанда астығынан айырылғысы келмеді. Сондықтан олар астықты тііггі өнеркәсіп тауарларьша айырбастаудан да бас тартгы. 1921 жылғы 2-шіддеде Лениннің РК(б)П-ның Сібір және қазақ бюроларына жіберген телеграммаларында "шешуші шаралар қолданып, базарларды толық жабудан (шаруалар астығын сатгырмау үшін) тайсалмай, кең мөлшерде зорлап алмастыру жүргізіңдер" деп кеңес берді. Осылайша Кеңес өкіметі жоғарыда керсетілген жеңілдіктердің бәрін бірте-бірте жойып, іс жүзінде ескі "соғыс коммунизмі" саясатына қайта көшуге бет алды. Соның бір көрінісі — 1921 жылы 20-қарашадан бастап сұрақтарға жауап берерліктей. Бірақ Қазақстан топырағында бұл саясаттарға ортақ белгілер болғанын, яғни ең әуелі орталықтың мүдцесі үшін азық-түлік күшпен экспро-приацияланғанын ашық айтатын уақыт жетті.

Дегенмен бұл жылдары Қазақтың көшпелі және жартылай кешпелі шаруашылықтарының көпшілігінің бірте-бірте ұсақ товарлы укладқа көшуі қазақтың еңбекші шаруаларын кооперацияға тартуды жеңілдетті, қазақ аулында колхоз құрылысының жеңуіне белгілі алғы шарттар жасады.

Ауылшаруашылық сайманын жөндеумен айналысқан жүздеген мастерскойлар пайда болды, ауылшаруашьшық саймандарын арнайы "жөндеу апталығы" еткізіліп отырды. Кедейлер егіндігін бірлесіп жырту үшін бірікті. Ауыл мен селоларда егіс науқанына әзірлену жөнінде сенбіліктер мен жексенбіліктер өткізіліп отырды, суармалы егіншілік аудан-дарында каналдар мен арықтар қалпына келтіріліп жатты. Машинаны жалға беретін түңғыш пункттер жұмыс істей бастады. Шаруалар астығын, картофелін, етін өткізіп, өнер-кәсіп товарларын сатып алып отырған базарлар ашылды. Өлкенің шаруашылық өмірі көркейіп, азық-түлік қиыншы-лықтары бәсеңцей түсті.

Сол кезде Қазақстанда тұрғын елдің салтына, түрмысына, шаруашылығына қарай шешетін мәселенің бірі жер мәселесі болды. 1921 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Кіндік комитеті Декрет шығарды. 1917 жылға шейін Қазақстан кесіп алынса да, қара шекпендер орналастырылмай бос жатқан жерлер еңбекшіл қазақ еліне қайтарылады деді. 1921 жылдың 19 сәуіріңце Ертіс және Ащыкөл бойывдағы ені 10 шақырымдық және Жайық бойындағы ені 10 шақырымдық жерлер еңбекшіл қазақ халқына қайтарылсын деді. Мүны шығарушы да Қазақстан Кіндік комитеті. Сонымен көп жылдан бері үздіксіз таласа, тармаса, жалдап алып, неше қиындықтармен, пайдаланып келе жатқан жерлеріне қазақ елдері қайтадан орналасатын болды.

1922 жылдың 26 тамызында федеральдық комитет құрама республикаларда жер ісін қарастыратын мекеме мен ВЦИК "Қазақстанда еңбекпен пайдаланудьщ нецзгі заңын" бекітіп шығарды. Бұл негізгі заң 31-тамыздан бастап іске аса бастады. Сол "негізгі заңның" 32-33-баптарына ескерту бар. 32-бап бойынша әркім пайдаланып отырған жеріне түпкілікті орнығып иеленіп отыра береді. Бірақ, ол жерді съездер иә жер мекемелері заң бойынша берсе, ғана сол пайдаланып отырған жеріне ие болмақшы. Сонымен мейлі қазак, мейлі орыс, мейлі қай тек болсын, Қазақстанда еңбекпен жер пайдаланамын десе, іс жүзінде пайдаланып отырса да даулы жерге съездердің, нә жер мекемелерінің заңға сыйымды рұқсаты болу керек.

Осы "негізгі заң" артынан 1922 жылдың 30 қазанында "земельный кодекс" деген бүтін Ресейге арналып заң шықты. Автономиялы республикалар үшін айрықша сол "кодекске" толықтырулар және өзгертулер енгізіліп, 1923 жылдың сәуірінде жарияланды. Сол өзгерту бойынша Қазақстанның ішінде енбекпен жер пайдалану жайындағы "негізгі заң", онын, бер жағында 32-бап пен 33-баптың ескертуі қайтадан бекітілді. Екінші "Земельный кодекстің" жалпы мағынасына қарағанда, пайдаланатын жердің ауданы бері болса күн көруге жетерлік, әрі болса әркім өз еңбегімен игерерлік болуға тиісті. Бірақ, үйге, шаңыраққа, адам басына пәлен десятинадан берілсін деп айтылған сөз жоқ. Және "Земельный кодекстің" айтуы бойынша, ең әуелі жерге тұрғын халық орналасуы керек. Ең әуелі түрғьш халықты жерге орналастыру керек (16-баптың 6-ескертуі). Жер жайывда кезекті нүсқаулар, ережелер, жолдар шығарып түруға белгілі мөлшерде автономиялы республикаларға ерік берілген. Бір жерге переселен аудару мәселесі ВЦИК-тің билігінде (223-бап), бір жерден бір жерге қоныс аударуға — переселен болуға, яки қоныс іздеуге әркім ерікті. Тетенше уақытта ресейлік жер комитетіне бекіттіріп алып, автономиялы республикалар зорлап алуға еркі бар.

Сонымен ЖЭС Совет өкіметін нығайту, Қазақстанда түбірлі социалистік қайта күрылыстарды жүзеге асыру (қазақ ауылын советгендіру, 1921-1922 ж. жер-су реформасын жүзеге асыру, егістік және шабындык, жерлерді қайта бөлу) барысында ауылдық және шаруалар Советтерін пролетариат диктатурасының органдарына айналдыру, жер мәселесівдегі отаршылдықтың қалдықтарын жою, ауылды экономика мен түрмыстағы патриархалдық-феодалдық институттарынан тазарту міндеттері қоса шешідді.

3.Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы. Орта Азияда Кеңестік республикаларының ұлттык мемлекеттік межеленуі және Кеңестік Қазақ Автономиялык республиканың құрылуы мен нығаюы (1920-1925 жж) Орта Азия Советтік республикаларының ұлттық-мемлекеттік жағынан межеленуі — ұлттық мемлекеттік құрылыстың аса маңызды актісі; Орта Азия, Қазақстан халықтарының өз еркімен ұлт саясаты негізінде 1924-1925 ж.ж. Совет мемлекеті жүзеге асырған территориялық-мемлекеттік қайта өзгеріс; одақтас советтік социалистік мемлекеттік құру кезеңдерінің бірі. Орта Азия халықтарының әрқайсы-сының өз тарихы, талай ғасырлардан бері келе жатқан ұлтгық дәстурлері мен ерекшеліктері бар. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында қүрылған Түркістан АССР-ын, Бұқар және Хорезм Халықтық Совет Республикаларын Орта Азия халықтарының түр жағынан шыңдалған мемлекеттік қүрылымдары деп есептеледі. Сондықтан да ол РК(б)П-нің Түркістандағы міндетгері туралы ОК (Орталық Комитет) шешімінің жобасына жасалған ескертпелерінде былай деп жазды: "1) Түркістанның Өзбекстан, Қырғызстан жөне Түркістан өлкелеріне бөлінген картасын (этнографиялық және басқа) жасау тапсырылған. 2) Осы 3 бөліктің қосылу немесе бөліну шарттары егжей-тегжейлі анықталсын"1. Ол кезде Орта Азияны ұлттық жағынан межелеу үшін саяси және әлеуметтік жағдайлар әлі жасала қоймаған еді. РСФСР қүрамына енген көп ұлттық Түркістан АССР-ның құрылуы Орта Азия халықтарының советтік ұлттық мемлекет жасаудағы алғашқы елеулі қадамы болды. Түркістан АССР-нің саяси, экономикалық және мөдени дамуының шапшаң алға басуы Бұхар мен Хорезм еңбекшілерінің өз халық республикаларын социалистік республика етіп қайта құруға деген талабын күшейтті. Совет өкіметінің нығаюы, жұмысшылар мен диқандар одағының күшеюі, Азамат соғысының аяқталуы, халық шаруашылығын қалпына келтірудегі табыстар, Орта Азиядағы ұлтгық қатынастардың жаңа да әділ негізде үйлесуі мен жергілікті халықтар арасындағы достастықтың едеуір өсуі, совет қызметкерлерінің ұлттық кадрларының өсіп жетілуі Орта Азияда ұлтгық мемлекепік межелеудің аса маңызды алғы шартгарын жасады. Бұлардың нәтижесінде Бүхар мен Хорезмде аса ірі саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүзеге асырылды. 1923 жылдың қазанында Бүкш Хорезмдік құылтай жиналысы Хорезм Халықтық Совет Республикасын Советтік Социалистік Республика етіп қайта құруға қаулы алды, ал келесі жылы қыркүйекте Бүкілбұқаралық құрылтай жиналысы Бұхар Советтік Социалистік Республикасын жариялады. 1924 жылы ақпанда, наурызда Түркістан Бұхар және Хорезм Компартиялары Орталық Комиттеттерінің пленумдары мен партия-совет активтерінің кеңестері Орта Азияда ұлттық межелеу ісін жүргізуді жақтады. РК(б)П

Орталык Комитеті бұл мәселені карап, Түркістан, Бұхар және Хорезм Компартия ларьшың қызметін ретгеп отыратын РК(б)П Орталык Комитетінің Ортаазиялық бюросы мен жергілікті партия органдарына ұлттык межелеу жобасын әзірлеп, Орталык Комитетінің қарауьша ұсынуды тапсырды 1924 жылы 12 маусымда Саяси Бюро "Орта Азия республикаларын (Түркістанды, Бұхарды, Хорезмді) ұлттық межелеу туралы" қаулы қабылдады. Өлке халыктарының тілектері мен мүделерін еске ала келіп, Орталық Комитетінің Түркімен және Өзбек Советгік Социалистік Республикаларьш кұруды жақтады. РК(б)П Орталық Комитеті Түркістанның Қырғыз (қазақ) аудандарын Қырғыз (қазақ) АССР-мен біріктіру РСФСР күрамында Қара Қырғыз (қырғыз) автономиялы облысын, Өзбекстан ССР-і қүрамында Тәжік автономиялы облысын құру қажет деп тапты. Орталық Комитет бұл одақтас республикалардың СССР күрамына енуін және Түрікменстан, Өзбекстан компартияларын құру туралы мәселені де карады. РК(б)П Орталық Комитетінің Ортаазиялық бюросы жанынан ұлттық-территориялық межелеу жөніндегі Орталық комиссиясы құрылып, оған жаңадан құрылып жатқан барлық республикалар мен облыстардың өкілдері енді. Орта Азия республикаларын ұлттык межелеу жөніндегі шешімді Орта Азия халықтары зор қанағаттанғандықпен қарсы алды.



Бұл ұйғарымды бүкілхалыктык. талқылау көзінде еңбекшілер бұкарасы ұлт саясатын бір ауыздан мақүлдады. Мүньщ өзі ұлтгық межелеу туралы шешімнің халық тілегіне сай екенін, бүқара ырқын баянды ететінін көрсетті. 1924 жылы күзге салым межелеуге әзірлік негізінен аяқталды. Сол жылы қыркүйекте Түркістан ОАҚ-нің төтенше сессиясы мен Советгердің Бүкілбұхаралық және Бүкілхорезмдік қүрылтай жиналыстары межелеу ісін Түркістан, Бұхар және Хорезм республикаларының үкіметгері арасындағы келісім негізінде жүргізу жөнінде бірауыздан қаулы қабылдады. Орта Азия республикаларын ұлттық межелеу жайында Я.Э.Рудзудактың сөзін тыңдай келіп РК(б)П Орталық Комитетінің Қазан (1924) Ішенумы Орта Азия партия, Совет ұйымдарының бұл бағыттағы жұмысы туралы хабарды мақұлдады. Өлкеде жүзеге асырылған орасан зор саяси және ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде Түркістан, Бұхар, Хорезм Советтік Республикаларының орнына: Өзбек Советгік Социалистік Республикасы, Түркімен Советтік Социалистік Республикасы, Тәжік Автономиясы Советтік Социалистік Республикасы (бастапқы Өзбек ССР-нің құрамында болды 1929 жылы желтоқсанда одақтас республика болып кайта құрылды). РСФСР құрамына енген Қара Қырғыз (қырғыз) автономиялы облысы (1926 жылдан АССР 1939 жылдан одақтас республика), ҚазССР-нің қүрамында Қарақалпақ автономиялы облысы (1932 жылы АССР болып қайта күрылып, РСФСР қүрамына енді, 1936 жылы Өзбек ССР күрамында) ұйымдасты. Бұрынғы быты-рап жатқан өзбек, түркімен, тәжік, қырғыз, қазак, қарақалпақ жерлері бірыңғай Советтік социалистік республикалар мен автономиялы облыстарға бірікті. Бұл арқылы Орта Азия халықтарының Советтік ұлттық мемлекеттігін одан әрі дамытуға жаңа қадам жасалды. 1920 жылдың 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан советгерінің Қүрылтай сьезі 1920 жылғы 26 тамызда Ленин және Калинин қол қойған декрет негізінде РСФСР— дің қүрамывдағы Қазақ автономиялық Советгік Социалистік Республикасының құрылғандығын жариялады. Ресми мәліметтер бойынша 1920 жылдың күзінде Қазақ АССР — нің жер көлемі 2,285,26 кв верста болып, халқының саны 4,068920 адамға жетті. Солардың ішінде қазақтар — 2,441360 немесе 60 проценті, орыстар — 1,627560 немесе 40 проценті1. Қазақ АССР-нің жариялануы Қазақ Совет мемлекетгігінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету жолындағы аса ірі оқиға болды. Алайда қазақтар мекендеген оңтүстік облыстар әлі де Түркістан республикасының қүрамында еді. Сонымен қатар қазақтардың айтарлықтай топтары Хорезм және Бүхара республикаларының территорияларында бытырап жатты. Олар Түркістан АССР-і тұрғындарының 19,3 процентіне, Бұхара республикасы тұрғындарының 1,5 және Хорезм тұрғындарының 3,5 процентіне тең болды. Ал Қазақ автономиялық республиканың қүрамына: Семей (Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері), Ақмола (Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері және Омбы уөзінің бір бөлігі), Торғай (Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғайуездері), Орал (Орал, Ілбішін, Темір, Гурьев уездері) облыстары сондай-ақ Маңғыстау уезі Закаспий облысындағы Красноводск уездерінің төртінші және бесінші Адай болыстары, Астрахань губерниясының Каспий теңізі жағалауындағы Солтүстік шығыс бөлігі, Бөкей ордасы мен теңіз маңындағы округтердің болыстықтары енді. Совет өкіметі ешқандай да территориялық талас пен алауыздыққа жол бермей кейбір жекелеген жергілікті қызметкерлердің шовинистік және ұлтшылдық көзқарастарын тойтара отырып қазақ халқының біртұтас бірігу мәселесін осылайша әділ шешкен еді.

1921 жылы Ақмола мен Семей облысьшың Омбы уөзінен басқа жері Сібір ревкомының қарауынан алынып, Қазак, АССР-нің құрамына берідді. Сол жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің Декреті бойынша Жайық пен Ертіс өңірінде бүрьш казактарға тартып әперілген он шақырымдык шеп құраған жерлер қазақ халқына қайтарылды. Бұл жекелеген орыс жауапты қызметкерлерінің ызалы қарсылығын туғызды.

Республиканың құрамынан жекелеген уездерді тіпті губернияларды бөліп әкетуге әрекеттер жасалды, мысалы, 1921 жылы маусымда Орал губкомы казактардың правосын қорғау желеумен Жайықтың сол жақ жағалауында да қазақтарға қайтарылған он шақырымдық шеп қүрайтын жерді бермеу туралы хабарлады. Алайда партияның орталық комитеті мұндай өтінішті қабыддамай тастады. Ал РК(б) партиясының қазак, обкомының президиумы губкомының позициясын саяси қателік ретінде айыптады. Сөйтіп губкомның қүрамына өзгерістер енгізілді. — Қостанай губерниясыңцағы кейбір басшы қызметкерлердің тарапьшан да шовинистік әрекетгер көрінді. Ұлт саясатының мәнісін түсінбеген олар Қостанай уөзін Қазақ АССР-нан бөліп, Челябі губерниясына қосу туралы талап қойды. Алайда РК(б) II Орталық Комитеті және обком Қостанай губко-мының жұмысын зерттеп, басшы қызметкерлер тобының шовинистік көзқарасын айыптады. Сөйтіп губкомның хатшысы Шафет бастаған бұл топты қызметтен босатты.

В.И.Лениннің басшылығымен Орта Азияны Ұлттық мемлекеттік межелеу, Оңтүстік Қазақставды Қазақ Республикасына қосу жөнінде үлкен әзірлік жұмыстары жүргізілді.

1918 жылы мамырда Түркістан автономиясы қүрамына кіріп кеткен Жетісу, Сырдария облыстары мен Каспий сырты аймағының тағдырын шешу де күн тәртібінде түрды. Бұл туралы 1920 жылы 11 қаңтарда Ақтөбеде өткен 1-ші Бүкілқазақстандық конференцияда арнайы мәселе қаралды. Онда Ташкент қаласы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы болады деп жарияланды. Әрине бұл қата шешім еді. Ежелгі қазақ жерлері Жетісу мен Сырдария облыстарын, Маңғыстау мен Красноводск уездерін Қазақ өлкесіне қосу мәселелерін Туркістан республикасы үкіметінің алдына қою үшін Ташкентке Казревкомның арнаулы өкілі жіберілді. Сібір ревкомына қарап келген Акмола және Семей губернияларьш Қазақ республикасына қосу мәселелерін талкылау мақсатымен және осы екі облысты мекендеген қазақ еңбекшілерімен тығыз байланыс жасап, олардын талап тілектерін жете тусіну үшін Омбы мен Семей қалаларына да комитет өз өкілдерін аттандырды. Олар Қазақ республикасының түпкілікті шекараларын аныктауға байланысты келіссөздер жүргізді. Бұл салада Казревкомның жанынан құрьшған Қазақ АССР-нің мемлекеттік шекарасын анықтау жөніндегі комиссия қызметі аса маңызды болды. Оның алдына мынадай міңцетгер қойылды: өлкенің экономикалық, саяси және этнографиялық жағдайларына байланысты Қазақ Республикасына қосылуға тиіс байырғы территорияларды анықтау: республика шекарасын дәлдеп анықтау жөне оған байланысты Халық комиссарлары Советі мен бүкілқазакстандык Советгер съөзіне үсыныстар әзірлеу: көрші губерниялар мен Қазақстан Республикасы арасындағы шекара мен территорияға байланысты даулы мәселелер жөнівде қорытыңды беру және оларды тікелей шешу; республиканың ішкі әкімшілік бөлінуінің жобасын жасау тапсырылды.

В.И.Лениннің Түркістанды болашақта ұлтгық мемлекет-терге бөлу мүмкіндігі туралы ескертуі кептеген жан-жақты әзірлік жұмыстарынан кейін, 1924 жылы жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде СССР-дің құрамында Өзбек және Түркімен Советтік Социалистік Республикалары, Өзбек ССР-нің қүрамында Тәжік АССР-і, РСФСР-дің қүрамында Қырғыз АССР-і қүрылып, бұрынғы Түркістан АССР-не қарап келген Жетісу және Сырдария облыстарьшың қазақтар мекевдеген уездері Қазақ АССР-не қосылды. Атап айтқанда Қазақстанға Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, Әулиеата уездері мен Ташкент, Мырзашөл уездерінің және Самарқанд облысы Жизақ уөзінің кейір облыстары, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Піспек уөзінің қазақтар мекендеген аудандары қосылды. Қазақ АССР-нің жер көлемі 700 мың шаршы шақырымға, халқынын саны 1 млн. 468 мың адамға көбейді. 1926 жылғы ресми мәлімеггер бойьшша республика халқының 61,3 проценті қазақтар болды.

1925 жылғы 26 каңтарда РКП(б) Орталық Комитеті Қазақстанды аудандастырудың жаңа жобасын қарап, оны пысықтауға ВЦИК-тің Орталык, әкімшілік комиссиясына берді. Республиканын әкімшілік бөлінуін қайта құру осылайша аяқталды. Нәтижесінде Қазақ АССР-і губерния дәрежесіндегі Адай уөзінен, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу және Сырдария губерниялары мен кейін Өзбек ССР-і қүрамындағы Қарақалпақ АССР-і болып кайта күрылған Қарақалпақ автономиялы облысынан түратын болды.



1925 жылы Қазақ АССР-нің астанасы Орынбордан Акмешітке көшірілуіне байланысты Орынбор қаласы мен онын төңірегіндегі аудандар РСФСР-дің қүрамына енді. 1925 жылғы 15-19 сәуірде республиканың жаңа астанасында Қазақстан Советтерінің съезі тұңғыш рет Қазақстанның барлық аудандары еңбекшілерінің өкілдері қатысқан жағдавда өтті. Съезд халықтың шын аты — "қазақ" деген атауды қалпына келтірді және ресми республика Қазак, АССР-і болып аталатын болды. Оның астанасы Ақмешіт қаласы Қызылорда деп өзгертідці.

1929 жылы Республика астанасы Қызылордадан Алматыға ауыстырылды. Ал 1936 жылғы желтоқсанда Қазақ АССР-і одақтас Республика болып қайта қүрылды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы тарихи декларация, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. 1998 жылы 10 маусымда Қазак Республикасының астанасы Астана (Ақмола) қаласына ауыстырыдды".


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет