Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


Рөлдік ойындар мынадай талаптар қояды



Pdf көрінісі
бет28/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022
Ты адвокат, ҚҚЗТ сессия жауаптары 2, Мукатова Светлана Жумабековна, Желтоқсан ызғары, -1026910756 (1), 2 5332466815861787269
Рөлдік ойындар мынадай талаптар қояды: 
«Достасқан буындар». Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы «қа» 
буынын айтса, екінші келесі буынын тауып, сөз құрауы керек. 
Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буынды сөздерді оқу, буындарға бөлу тақырыбын ашу үшін «Сақина салу» 
қазақтың ұлттық ойынын жүргізген тиімді. Бір оқушының алдына сақина қойып, «май» — деп дауыстайды. Сақинаны 
алған оқушы «мыл», «шам», «да» — деп дауыстайды. Сонымен «маймыл», «майшам», «майда» сөздері шығады. 
Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек, мысалы: мы-сық, ма-са, ал-ма, жү-зім. 
Мысалы: Жұмысшы, жазғы, т.б. 
Бұл ойынның шарты: сыныптағы қатар бойынша 2 топқа бөлінеді. 2 топ арасы он адымдай белгіленген. Екі топ екі 
сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын 1-топтың өз жағындағы шеткі 
ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қала» — деп дауыстайды, ол қағып алып «шық» — 
дейді немесе «ны», «ға», «ның» — дейді. Сонда «қалашық», «қаланы», «қалаға», «қаланың» тағы басқа сөздер шығады. 
Айтылған сөзге қосымша жалғау керек, мысалы: «ойын» — деп дауыстаса – «ойыншық», «ойынды», «ойындар», т.б. 
Орамалды қағып алған ойыншы түбір сөзге қосымша жалғап немесе уақытында тауып айта алмай қалса, онда ортаға 
шығып өнер көрсетеді. 
Ойын соңында синонимдік қатардан сөйлемдер құралады. 
Ойынға синонимдік қатар түзуге болатын мақсаттағы сөздерді интерактивті тақтаға еңгіземіз. 
Ойынды «Синоним» тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып 
өткізуге болады. 
Қонаққа келген адамның өзін таныстыруы. Үй иелерін, яғни, шаңырақ мүшелерін қонақпен таныстыру. Бұл ойынға 
4-5 оқушы қатысуына болады. Бұл ойынды отбасы мүшелерін, туыстық атауларды өткен кезде пайдаланған дұрыс. 
Себебі оқушылар жаңа сөздерді меңгерумен қатар сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. 
Қазіргі уақытта қазақ тілін үйренуде оқытудың инновациялық әдісін қолданып оқыту болғандықтан, сабақта түрлі 
жағдаяттарды тудыра оқыту өз жемісін береді. Ауызекі сөйлеуде сұрақтар тудыру тіл үйренушілерді әрі қызықтырады, 
әрі жағдаяттар тудырып, сол жағдайларға қарам-қарсы пікір айту үшін сөйлеу интенциясын сабақта беріп отыру керек. 
Мақсаты: Қазақ халқының дәстүрін біліп, өздігінен іздену үстінде болады. 
«Үндемес» ойыны. Сөйлем мен сөйлемдегі сөздердің байланысын өткенде, қайталағанда жүргізуге болады. 5 
оқушыға орны ауысқан сөздері бар сөйлемдер жазылған қима қағаздар беріп, оларды дұрыстап жазу тапсырылады, 
немесе интерактивті тақтадан көрсетіледі. Анам, әкелді, қызыл, алма, ұшады, жылы, құстар, жаққа. Оқушылар сөйлем 
дұрыс құрып болған соң үндемей қол көтереді де тақтаға жазады. Дұрыс жазса оқушылар алақандарын соғып қуаттайды. 
Егер дұрыс жазылмаса, басқа бір бала дұрысын жазып береді. 
«Еске сақта» бұл ойынды сөздерді меңгеру барысында қолданған тиімді. Оқушылар үнтаспадан жазылған сөздерді 
тыңдайды, қайталайды. Есте сақтаулары арқылы дәптерлеріне жазады. Бұл ойынның тағы бір тиімділігі оқушылардың 
есте сақтау қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Көп сөз жазған оқушы жеңімпаз атанады. 
Қазақ тілі сабағында қолдануға болатын ойындардың атаулары мен шарттары: 
Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, 
педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г. Песталоцций 
халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның 
балалардың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын 
мәнін Я.А.Коменский дәріптеген. Ж.Ж.Руссо пікірінше, білім алу ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып 
отыруы бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады. 
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері 
оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны 
қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. 
Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. 
Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. 
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі 
болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына 
қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану 
оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы. 
Сабақтың ортасында көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. 


30 
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. 
Ойынның мақсаты — бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті — баланың 
қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. 
Ойын дегеніміз не? Ойын – қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, 
өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, 
демалдыру, қызығушылығын тудыру. 
Сонымен қатар қазақ тілін үйреткенде балалардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет, сабақ өткізгенде бірінші орынға 
ойын және ойын түрлері қойылады. 
Сабақта ойын элементтерін пайдалану — сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің 
маңызды бір бөлшегі. Ойын элементтерін оқу үдерісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау 
сабақтарында пайдаланған өте тиімді. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес 
таңдалынып алынса, оның берер пайдасы мен танымдық, тәрбиелік маңызын күшейте түсері анық. Оны тиімді қолдану 
мен іске асыру сабақтың әсерлігін, тартымдылығын дамытып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын 
арттырады, оқушының өзін–өзі тануына, өзіндік «менін» қалыптастыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет