Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ



Pdf көрінісі
бет55/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ 
 
Нурбердиева Карылгаш Даулеталиевна 
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға селосы 
«Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді игеруі.Әлеуметтік 
сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен ,оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже 
бергенде алға басады. 
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты, базистік оқу жоспары, 
тілді оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. 
Өзге тілді мектептердегі қазақ тілі мемлекеттік білім стандарттарына сай жалпы білім беретін мектептің үш 
сатысында да міндетті пән деп саналады. Әр саты бойынша дайындалған оқу бағдарламаларында қазақ тілінен берілетін 
білім мазмұны мына ұстанымдар негізінде құрастырылған: 
1. Тақырыптық ұстаным. 
Бұл жерде қазақ тілін практикалық бағытта оқыту көзделеді. Барлық грамматикалық формалар сөйлеу моделі 
арқылы диалогтік, монологтік сөйлеу түрінде лексикалық тақырыптар арқылы практикалық жолмен меңгеріледі. 
2. Жүйелілік ұстаным. 
Дидактикалық ұстаным бойынша тілдік материалдар жүйелілік ұстанымға негізделе құралып, жеңілден ауырға 
қарай күнделікті қарым-қатынас жасау мақсатында сөйлеу тіліне қарай іріктеліп беріледі. 
3. Оқушының ана тілін негізге алу мақсатында коммуникативтік қарым-қатынас жасауда баланың ана тіліндегі білім 
мен сөйлеу дәрежесі негізге алынады. 
4. Қызметтік ұстаным. Бұл ұстаным бойынша қазақ тілін функционалдық дәрежеде меңгеруде қандай 
грамматикалық формаларды меңгеруге болады деген мәселе ескеріледі. 
Осы ұстанымдарды тірек ете отыра, бағдарламада оқушы сөйлеп үйрену үшін қандай грамматикалық формаларды 
меңгеруге білуге тиіс және оған қажетті лексикалық, грамматикалық минимумдар жүйесін жасау, сөйлеу моделдерін 
беру, тағы басқа мәселелер ескеріліп, әр сыныпта оқылатын материалдар оқушының сөйлеу, ойлау қабілеті мен тілін 
дамытуға бағытталады. 
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатыны, белгілі бір тілде 
сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың 
басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілдік қарым – қатынас құралы ретінде іс 
жүзіне асыратын әдістің түрі. 
Коммуникативтік стратегияға кіретін моменттер: 

әңгімелесушінің зейін қойып тыңдауын қадағалау; 

«Бәрі түсінікті» деген сигналы арқылы толық түсінуді қамтамасыз ету; 

«Мен дұрыс түсіндім» сигналы арқылы әңгімелесушінің толық түсінігін қамтамасыз ету; 

сөз жетіспеушілігін сөз тіркестері мен түсініктемелер, аудару арқылы шешу; 


71 

грамматика жетіспеушлігікті сөз құрылымын қысқарту немесе ауыстыру, ана тілінің элементін фразалық 
құрылымын көшіру, қате кеткен жағдайда өзін-өзі түзеу. 
Коммуникативтік ойлау іс-әрекетіне дайын болатын когнитивтік құзырлық коммуникативтік құзырлықтың керекті 
компоненті болып табылады. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тіл-ойлау қабілетін дамытатын жағдайлар: 

мәтінмен жұмыс; 

мәселемен жұмыс; 

ойын жұмыстары; 

электрондық оқулықтармен жұмыс. 
Ойлау – сөйлеуді керек ететін кез келген жағдайда үш компонет өзара байланысады: шешілетін мәселе, білімдердің 
барлығы, зерттеу. 
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады – тыңдауда, сөйлеуде, оқығанда, жазғанда. 
Жалпы барлық лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттерде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастырады: сөйлеу, оқу 
жазу, түсіну. 
Коммуникативтік оқыту: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет