Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


ізденіс, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты



Pdf көрінісі
бет51/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 ізденіс, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты. 
 
ТАРИХ САБАҒЫНДА ОЙЫН ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Касымжанов Асет Какенович 
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылы 
Қабден Ақынов атындағы орта мектебі тарих пәні мұғалімі
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Оқушылар өздері
мәселе туғызып, оны өздері шешуге тырысады. К.Д. Ушинскийдің дәлелдеуі бойынша ойындар 
баланың қабілетін дамытып қана қоймай, оны жетілдіре түседі. 
Шеберлікпен ұйымдастырылған ойын ұйымдастырушының оқыту мен тәрбиелеудің таптырмайтын құралы бола 
біледі. Ойынға қатысушылардан ақылдылықты талап ете отырып, оларды үлкен қанатқа бөлейді. 
М. Горькийдің айтуы бойынша « Ойынмен байланыстырылған оқу еңбек баланың ынта ықыласының, мінезінің 
қалыптасуына үлкен әсерін тигізетіндігіне көз жеткізеді». Осы ойды одан әрі А.С. Макаренко дамытады: « Бала 
жігерлене ойын ойнай жүріп, біртіндеп өмірде қажетті іскерлікпен дағдыны қалыптастырады.» 
Ойынға деген қызығушылық, ықылас-ынта, тақырыпты еркін таңдай білу керек. Егер ойынға оқушылардың өздері 
тікелей қатысатын олардан ептілік пен іскерлік, ақылмен істеу болса, табандылық пен шыдамдылық және ұйымшылдық 
талап етіледі. 
Осы жерде ойын мен еңбектің ара жігін ажыратып алу керек. Егер ойынды оқушылардың өздері ынтамен жасаса, 
онда ол нағыз еңбек, еңбек болғанда да шығармашылық еңбек, жемісті еңбек. Осындай еңбекпен айналысып жүрген 
оқушылар ұжымына талап көбірек қойылады, еңбек сүйгіштік пен шыдамдылық, әуестілік пен сыпайылық, төзімділік 
пен тапқырлық және әдет пен ептілік басты орынға қойылады. 
Осы жерде тағы бір тәрбиелеудің құралы танымдық ойынның қасиетті жерін корсетіп кеткенді жөн көрдім. Ол 
әрқашан белгілі бір дәреже бойынша жүргізіледі. Ойын кезінде оқушылар өз білімдерін жинақтайды. Оқулыққа 
кірмеген, одан тыс материалдарды өздері іздеп табады да, сол арқылы ақылдылығы мен адамгершілік қасиеттерін 
байыта түседі. Ал бұл оған саналы түрде қанағаттанарлық әкеледі, өзіне деген сенімділік пайда болады. 
Дидактикалық ойында мұғалімнің орны мен рөлі 
Оқушылар ойынының маңызын ескеріп, оның танымдық қабілеті мен тәрбиелілік мәніне тоқталатын болсақ, онда 
мұғалімнің атқаратын ролі ерекше. Мұғалімсіз, оның көмегінсіз оқушылардың бастаған жаңа бастамалары іске аспай, 
қиынға соғуы мүмкін .мұғалім ойынның ұйымдастырушысы болып қана қоймай, қатысушысы да болуы міндетті. 
Өйткені ойын кезінде ерекше құлшыныс болмауы да мүмкін. Мұғалім оқушылардың жұмысына жаңа тың 
шығармашылық жол салып, оларды ептілікпен ойынға қоса білу керек. 
Өз пәнін шебер меңгерген мұғалімнің ойынға қатысуы маңызды, өйткені тарихты жетік білмейтін балалар тұйыққа 
тірелуі мүмкін. Алғашқы кезеңдерінде тарих пәні мұғалімсіз хронологиялық дөңгелекті, істің мән жайын шешіп, айту, 
білу мүмкін емес. 
Ойынға деген қызығушылық 
Дидактикалық ойындардың белгілі мақсаты, жоспары және бәріне бірдей арналған ережесі болуы керек. 


64 
Бұл ойындар оқу материалдарын жақсы түсінуге көмектесіп қана қоймай, әр түрлі сұрақтар төңірегінде терең 
ойлануға, оқушының ой өрсін дамытуға, танымдық іс әрекет белсенділігін арттыруға көп көмегін тигізеді. Тарихи 
дидактикалық ойындардың маңызы жайлы айта келе, біз тарихты оқытудың ойын түріндегі жалғасының түрлерін 
қарастырып отырмын. 
Жеңімпаз, әсіресе 11-12 жастағы бала ойын барысында көп ұпай жинауға ғана ұмтылмай, жаңалықты көбірек білуге, 
өзінің болжамдарының дұрыстығына көз жеткізуге, өзінің алған білімдерін толық ашуға және құрбы құрдастарының 
алдында беделге ие болуға тырысады. 
«Бұл қайдан келді?» ойыны 
Адам баласының өмір сүруі үшін тамақ, киім, тұрғын үй, ауа қажет болса мұның бәрі түптеп келгенде 
планетамыздың жасыл желегі өсімдіктерден алынады. 500 мыңға жуық гүлді өсімдіктердің 2897 түрі тамаққа 
қолданылады. Санкт- Петербургтағы өсімдік шаруашылығы институтында тек қана бидайдың 35 мың, арпаның 7 мың, 
сұлының 14 мың мәдени сорттарының коллекциялары бар. Өсімдіктерден жасалмайтын зат жоқ десек қателеспейміз, 
сондықтан өсімдік өмір тірегі екенін мұғалім мысал келтіріп дәлелдеп береді. 
Ойынға қатысушыларға бидай ( астық тұқымдары, күріш, жүгері , мақта, қант қызылшасы,) күнбағыс, муляждар 
немесе суреттер оқушыларға таратылып беріледі. Балалар астық тұқымдас өсімдіктерді қай елдің халықтары алғаш және 
көбірек қолданатынын ашып көрсету керек, олардың отаны қай ел және бұларды қанша мың жыл бұрын пайдаланғанын 
дәлелдеу керек. 
Мұғалімге жеңілдеу болуы үшін астық тұқымдас өсімдіктердің отаны қай ел, алғаш рет пайдаланған елдер жайлы 
мағұлматтар бере кетуді жөн көрдім: 
Бидайдың отаны – Иран. Алғаш рет Оңтүстік Америкада 1528 ж, АҚШ та 1602ж, Канадада 1812 жылдары себіле 
бастаған . Ғалымдардың айтуы бойынша бидай б.з дейін Иракта 6,5 мың жыл бұрын , көне Египетте 5-6 мың жыл, 
Қытайда 5 мың жыл бұрын егілген. 
Күрішті — Үнді, Бирма,Қытай,Корея; Вьетнам, Филиппин, Индонезия елдерінің халықтары көп қолданады. 
Күріш көне дақылдың бірі болып саналады, осыдан 4-5 жыл бұрын Оңтүстік-Шығыс Азияда өсірілгендіктен отаны 
сол жер болып саналады. Күрішті Африкаға бірінші болып Христофор Колумб әкелген. 
Жүгері — дәнді дақылдардың ерекше орын алатын өкілі. Европаға жүгері сабағын әкелген Христофор Колумб. 
Мақта да –өте көп таралған дақылдардың бірі. Индонезияда 4000 жыл бұрын өсіріліп келеді. Америкаға 1620 жылы 
әкелінген. Мақтаның жабайы түрі Пәкістанда,Цейлон аралығында өседі. 
Қант қызылшасы – жабайы тегі осы күнге дейін Жерорта теңізі мен Қара теңіз маңында өседі. Қызылшаның тамыр 
жемісінде қанттың болатындығын бірінші рет 1747 жылы неміс оптенары Маркграф байқаған. Қызылшаны Тигр, 
Евфрат өзендерінің жағалауында тұратын халықтар б.э 2-1.5 мың жыл бұрын өсіре бастаған. 
Күнбағыс –( күрделі гүлдер тұқымдас) майлы дақылдардың ішіндегі шаруашылыққа көбірек қолданылатын өсімдік, 
отаны – Солтүстік Америка. Еуропаға 16 ғасырда әкелінді. 
«Жас археологтарға тапсырма» ойыны 
Сыныпта 4-6 адамнан тұратын топ құрып, оқушыларға төмендегі тапсырмалар беріледі. 
«Археологтар» табытқа салынып жерленген тайпа адамдардың зиратын табады. Бұл табылған заттар нені 
куәландырады? Бұл зираттың қай кезеңге жататынын ажыратуға бола ма? Дін пайда болған кез бе жоқ әлде дін шықпай 
тұрған кез бе? 
Ойыңды тұжырымда! 
Сыныпты екі топқа бөліп, тарихи ойындарды ұйымдастыруға болады. 2-6 қатынасудан тұратын шағын топқа кіші 
тарихи ойындар немесе бір тәлімгермен де ойын өткізуге болады. Бұлар картаға саяхат, хронологиялық , викториналық, 
тарихи бас қатырғыш ойындар т.б. 
«Үндемес» ойынын оқушыларға ұсынып көрелік. Географиялық картадан бір оқушы үндемей барып белгілі бір 
пунктті немесе обьектіні көрсетеді, ал келесі бір оқушы үндемей ғана қолын көтеріп мұғалімнің келісімін алған соң , 
тақтаға жаңағының атын жазады. Тыныштықты бұзған оқушы ойыннан шығады. 
«Тарихшы сөздігі» байқауы. Топтан тарихи терминнің мазмұнын ашып ,тарихи тұлғаға мінездеме беруі, оқиғаның 
ерекшелігін ашып көрсету сұралады. 
«Мюнхгаузеншілер байқауы»- балалар бір тарихи кезеңге байланысты қиын әңгіме ойластырып, «өтірікті шындай»- 
әңгімелеу керек. Тыңдаушылардың міндеті сол әңгіменің ішіндегі шындыққа жанаспайды — ау деген кейбір сөздерді 
тауып, әңгімеге баға береді. 
Ойын элементтерін пайдалана отырып, қорытынды қайталау сабағын өткізу. 
« Б.з.б. 5-2 ғғ Ежелгі Грекия» сабағын өткізу туралы оқушыларға алдын-ала ескертіледі. Сабаққа дайындық кезінде 
оқушылардан 3 топ құрылады . Әр топ жетекшілерін тағайындайды және топтың атын қояды. 
Ежелгі Грекия өмірінен топ мүшелері шағын көрініс дайындайды. Ал, қарсылас топ мүшелері сол көріністегі 
кейіпкерді атап, оқиғаның не туралы екенін атап көрсетеді. Әр дұрыс жауапқа 5 балл қойылады. 
Сыныптан тыс оқылатын әдеби кітаптан шағын үзінді келтіріп, оны оқып беруге де болады. Топ мүшелері кітапты 
және оның авторын атау керек. 
Сабақ топты таныстырудан басталады. Оған 3 баллдық баға қойылады. Содан кейін викторина басталады. ( Әр бір 
дұрыс жауапқа 1 балл) Сұрақтар көлемін мұғалім өзі қанша дайындаса да өз еркі. 
Келесі турда « Капитандар байқауын» өткізуге болады. « Дұрыс жауабын тап» деген ойынды тест түрінде ме әлде 
басқа түрде ме, оны мұғалімнің тапқырлығына қалдырайық. 


65 
Осылайша сабақтың танымдылығын, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында және сабақтың барлық 
міндеттерін шешуде жаңа педагогикалық технологиялардың бірі дамыта оқыту технологиясында, ойын элементтерін 
пайдалана отырып осыны іске асыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет