ОЙТОЛҒАНЫСТЫҢ ЖАҢА ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ РОЛІ
Турсынбаева Жанат Аманкуловна
Шымкент қаласы
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлға – еліміздің ертеңі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние
жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-
өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке
тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекеттің субъектісі
ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең маңызды белгелері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-
қасиеті , даралығы, яғни оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Жеке тұлға - қоғамның белсенді, саналы, мүшесі. Өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастары, қарым - қатынастары бар,
жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері бар қоғамдық сананы алып жүретін адам. Ғалымдар жеке
тұлғаның дамуына және қалыптастыруына әсер ететін негізгі факторларға; тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта,
тәрбиені жатқызады. Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-анасынан берілетін биологиялық ұқсастығы. Әлеуметтік орта
- жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қарым-қатынас. Тәрбие - аға ұрпақтың жаңа
ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі. Бұл жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі. Сонымен,
тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол – баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Баланың жеке
және дербес ерекшеліктеріне дайындығы мен дәрежесіне лайық тәрбиенің бүгінгі таңда бет алысы қандай?
178
Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен
бай тілін мақтан етеді», - деген екен ұлы кемеңгер жазушы М.О.Әуезов. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет
өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдіске ежелден қалыптасқан ұлттық
құндылықтарымыз бен білімді ұрпақ алып шығады. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз
– ұлттық құндылықтар болуы қажет. ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді
жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті
мәселелердің бірі болып отырғаны анық.
Бала бойына ұлттық тәрбиені сіңірудің көздері фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-
дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген
ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Слайд Сонымен бірге, отбасы
тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық
намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады. Ұлттық
тәрбие - қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін
жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған
жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие
алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, Отанын сүйетін патриот, ұлттық рухы биік парасатты азамат, жоғары
адамгершілік иесі, еңбекқор болып өседі.
Келе жатқан ғаламдану кезеңінде ұлттық құндылықтармыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі
мен ұстаздар қауымының алар орны ерекше. Баланың бойына ұлттық құндылықтың нәрін сеуіп, азамат қылып
тәрбиелейтін ұстаз. Сондықтан да ұстаз білімді де білікті болуы керек. М.Жұмабаев кезінде: «Әрбір ел келешегіне
негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры - мектебінің құрылысына
байланысқан нәрсе»-деген екен. Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Біздің Төле би атындағы орта мектеп
те осы бағытта тынбай жұмыс атқаратын аудан бойынша беделі зор үлекен мектептердің бірі. Слайд Мектепте жүзге
тарта мұғалім қызмет істеп, мыңға тарта оқушы оқиды. «Әр бала – жарық жұлдыз» - деген ұстанымды бетке алған
ұстаздар қауымының, әр баланы ұлттық тәрбие негізінде тұлға ретінде қалыптастырып, дамытуға бағытталған
жұмыстарын атап өтуге болады. Жоғары сынып оқушыларыны арасныда өтетін «Қыз сыны», Слайд «Жігіт сұлтаны»
байқаулары. Слайд Бастауыш сыныптарда «Кішкентай ханшайым», «Үйдің кенжесі – еркесі мен серкесі» Слайд сияқты
баланың жеке дара қасиеттерін ашатын, ұлттық тәрбие негіздерін бойына сіңіретін шараларға жете көңіл бөлінеді. Оқу
тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің мектебімізде ата-
аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. «Ал, қанеки әжелер», «Болашаққа бастаған АНА деген асқақ
ән», «Ана көрген тон пішер», «Мен және менің отбасым», «Толағай» отбасылық сайыстар жиі өткізіліп тұрады. Слайд
Ата-ананы мектепке тек ата-аналар жиналысына шақырып қана қоймай, оларды әр түрлі сайыстарға қатыстыру арқылы
мектеп өміріне белсене қатыстырамыз. Мұндай шаралардың ұлттық педагогика негізінде өтуіне ерекше назар
аударамыз.
Сонымен қатар ата-аналарға арналған ашық сабақтар, ойын-сауық кештері, тренингтер т.б. басқа шаралар
ұйымдастырылады. Әр ата-ананың мектепте болып жатқан іс-шараларға деген қызығушылығы әр қалай. Соған
қарамастан, ата-аналармен жүргізілген әңгіме - кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор
екендігі, отбасы тәрбиесінің маңызы, ұяда көргенінен өнеге алатындығы өне бойы сөз болды. Осы тұрғыдан өз
ұлтымыздың дана да дара тұлғалары туралы өткізілетін шаралар ұтымды шешім болып табылады. Мысалы, «Төле би –
төбе би», «Ғасыр адамы» ғылыми конференцилар, тәрбие сағаттары, әр түрлі кештерді атап өтуге болады. Слайд
Өйткені еліміз мақтан тұтар алып тұлғаларды танып білу, олардың тәрбиелік мәні зор сөздерін оқып-үйрену арқылы
бала бойында өз ұлтына деген мақтаныш сезімдері оянып, ұлттық рух қалыптасады. Биылдан бері әр айды бірінші
жұмаснда «Рухани-имандылық күндері» аталынып өтеді. Мектепке бұл күндері ауылдың имамы, беделді азаматтары,
ақсақалдар алқасының, әкелер кеңесінің мүшелері шақырылып ұлттық тәрбие дөңгелек үстелдер, пікір алысу кештері,
тақырыптық әңгімелер өткізіліп отырады. Басты талқыланатын мәселелер ата-баба дәстүрі бойынша жастардың
тәрбиеленуі, оқушылардың ұлтымызға жат қылықтары қарастырылады. Мектепте бастауыш сыныптан бастап
оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр жаттатып, ертегіні нақышына келтіріп баяндауды үйретіп, рухани
құндылықты бойына сіңіреміз. Жастайынан осыларды естіп, ұлттық бұлақтан сусындап нәр алған бала ешқашан да
ұлттық келбетін жоймайды. Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкерлерінің бірден бір
парызы. Иә, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру
жүйесінің құрамдас бөлігі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды,
тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда,
жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз. Қазақ халқының кешкен
тірлігі мен тұрмысы сонау көне ғасырдан бері жасасып келе жатқан бай ауыз әдебиетінде сақталған. Ұлттық
құндылықтардың кең өрісті, келісті көрініс табуы – халықтың мақал-мәтелдерінде, шешендік сөздерінде,
даналықтарында.
Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық
мәдениет, сал - дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн. Қазақ мәдениеті – ғасырлар
бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық
құндылық қасиеттер ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады. Әрбір
халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс – тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы
179
қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы –
халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып,
қалыптасқан. Онда «Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата-аналарға кеңес» деген бұрыштар бар. «Азамат боп
мен ертең, Отанға қызмет етемін» - атты ашық шара өтті. Бұл шарада балалар патриоттық сезімге тәрбиелеу туған еліне,
жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру мақсаты болды. Мектебімізде ата-
аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады.
Ата-аналар мұғалімнің басты көмекшісі деуге болады. Балалардың жасалған жұмыстарынан көрмелер
ұйымдастырылып тұрады. «Отбасы» тақырыбына байланысты «Отбасы - алтын ұям» атты ашық шара, ата-аналардың
қатысуымен өткізіліп, үлкен жұмыс жүргізілді. Балалар туған ұялары жайында, анасымен диалог түрінде сөйлесіп, өз
пікірлері мен ойларын еркін білдіре алды. Балалар сабақтармен ғана шектелмей, сабақтан тыс уақытта алуан түрлі
шаралар өткізіледі. Мысалы, «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеппен» - дегендей халқымыз балалармен
«Әдептілік - әдемілік» атты тәрбие сағаты да өткізілді. Осы кеште балалар әдептілік туралы мақал-мәтелдер айтылып,
қойылымдар көрсетілді.Сынып жетекшінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан,
халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін
білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.
Достарыңызбен бөлісу: |