Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет139/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022
Ты адвокат, ҚҚЗТ сессия жауаптары 2, Мукатова Светлана Жумабековна, Желтоқсан ызғары, -1026910756 (1), 2 5332466815861787269
 
 
 
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Молкаева Алтын Кыдыргажиновна
Абай облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылы
«Мақаншы орта мектеп – бақша» КММ
математика пәні мұғалімі 
Мұғалімдердің 
алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқыту-дың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп 
отыру және жаңа педагогикалық техно-логияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді 
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. 
Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге 
жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы. 
Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбекті тиімді 
ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің 
тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа 
педагогикалық технологиялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады. 
Жаңа технологиялардың басты міндеті – оқушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған 
мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. 
Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген 
ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, 
инновациялық 
жетілуіне 
әкеледі. 
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: 
- Балаға ізгілік тұрғысынан қарау 
- Оқыту мен тәрбиенің бірлігі 
- Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту 
- Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту 
- Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту 
- Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне орай оқыту 
- Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу 
- Оқу үрдісін оқушының сезінуі 
Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс – 
әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу – танымдық іс – әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты 
жүзеге асыруға қол жеткізу. 
Белгілі бір дәрежеде оқу – танымдық іс – әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. 
Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға бірден – бір 
әсер етеді. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы, оқушылардың ынта – ықыласын 
белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне 
негізделген. Сондықтанда олар ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп «әрекет етуге», сабақта 
жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір – бірімен 
байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесінде бір – бірінің жауаптылығын сезінеді. 
«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын тек білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір 
оқушының тәрбиеленуіне, жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтенуіне, қарым - қатынас мәдениетін қалып-


180 
тастыруға септігін тигізеді. «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдалану барысында 
мұғалім әрбір оқушының өзін - өзі білім алуына ыңғайлы психологиялық-педагогикалық жағдай туғызуы қажет. Осы 
орайда мен сабғымда көбіне үлестірме және қиынды қағаздарды көбірек пайдаланамын. Оқушыда қолымен ұстай 
отырып сыни тұрғыда ойлануына мүмкіндік туады. 
Оқушыларды оқытуда «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын қолдану барысында 
төмендегідей міндеттерді шешуге болады: 

оқушылардың өзара бірлескен іс - әрекетін ұйымдастыру, соның нәтижесінде олардың бойында өзара көмек 
көрсету, 

еркін түрде өз ойларын көпшілік алдында қорғау, 

басқалармен өзін салыстырып түзеу, 

өз - өзіне сыни көзқараспен қарау, 

сыни ойлауды дамыту, 

еркін қарым - қатынас жасау, 

өзін - өзі жетілдіру 
Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқьпудын мазмұнын жүзеге 
асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі акпараттық технологияның озық жетістіктерін математика 
сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардын құзіреттілігін дамытуға 
болады. Математика сабағында сын тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа акпараттық технологияларды, 
(интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, 
шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың кұзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын 
дамыту. 
Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын дамыту, баға жетпес құндылыктардың бірі. 
Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар 
әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін. Жаңа педагогикалық технологиялар әдістерін пайдаланып өткізген 6-
сыныптағы «Теріс сандарды қосуға есептер шығару» тақырыбындағы сабағымды баяндағанды жөн көрдім. 
Осы сабағымда үш айлық курста оқыған жеті модуль ықпалдастырылды. Яғни сыни тұрғысынан ойлаудың 
«Ақылды доп» стратегиясы арқылы оқушылардың С деңгейлі оқушыны сабаққа араластыруға және ол оқушының 
жауапкершілікті сезінуіне қол жеткізсем, үлестірме қағаздар арқылы өз бетінше ойланып,жұбымен ойласып,ой 
түйіндеуіне мүмкіндік бердім. Сабаққа рефлексия жасауда «ББҮ» стратегиясына оқушылардың жазған жазбаларына 
қарап оқуды қаншалықты игергені және әрі қарай не істеуім керектігін анықтадым. Ал оқыту үшін бағалау мен оқу 
үшін бағалау оқушының бағалау критерийін өздері анықтаудың өзі олардың тақырыпты сараптауына бірден бір ой 
жүйелеумен қатар,өз-өздерін әділ бағалай алуына, өзінің білім деңгейін анықтауына қол жеткізетінін байқадым. «Алтын 
медальмен» марапаттау арқылы қызығушылығын арттырып, бағдаршам, қол сигналы , екі жұлдыз бір тілек айту арқылы 
оқушылардың бағалау барысында шынайылыққа тәрбиеледім.С деңгейлі оқушылар үшін қиынды қағаздармен жұмыс 
ұйымдастырылып, олардың жеке сыни тұрғыда ойлануына жағдай жасалды.Нәтижесінде сыныптағы 12 С деңгейлі 
оқушылар саны тоқсан соңында 10-ға төмендеді. Сабақта оқушылардың бағалануы жоғарғы деңңгейде болды. 
Оқушылар төмендегі критерийлерді бірлесе отырып жасап, өз бағалауларын жүргізе білді. 
Осындай сабақтар нәтижесінде: 
- оқушылардың қызығушылығы артты; 
- С деңгейлі оқушы жауапкершілікті сезінді, өз бетінше жұмыс жасай білді, кері есеп құрастырып, сұрақ қоюды 
үйренді; 
- Оқушылар өз-өздерін смайликтермен бағалау арқылы деңгейлерін анықтады, әрі қарай қалай оқу керектігін білуге 
қалыптасты. 
Сонымен қатар сабақтар топтамасы нәтижесіне сараптама жасасам: 
Оқушы саны 
C деңгейлі 
Жаңа тақырыпқа 
үлесі 
Сұраққа жауап 
беруі 
Сұрақ қоюы 
Топтық 
жұмысқа 
араласуы 
Өз 
бетінше 
есеп 
шығаруы 
Өз 
өзін 
бағалауға 
қатысуы 
12 
3%-ке артты 
3%-ке артты 2%-ке артты 7%-ке артты 
2%-ке артты 
2%-ке 
артты 
Заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларын қолдану математиканы оқыту барысында оқушыларға білім 
берудің мақсаты олардың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру, өмірден өз орнын таба білуге, бәсекелестікке дайын, 
түрлі мамандықтарды меңгере алатын, күрделі өмірлік мәселелерді жылдам шешуге икемді жастарды қалыптастыру, 
жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, жан-жақты білімді де дарынды тұлғаны білім нәрімен сусындатып, 
тәрбиелеуде жұмыстана береміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет