66
Бұрыннан пайдаланып келген, әрі нақтылы бір ұлт тіліне лайықталып, реформаланған араб (мысалы, қазақтардікі
сияақты), не орыс (мысалы, сол кезде чуваштар қолданып отырған) графикасын латыншаға ауыстырудың ешкандай не
саяси – идеологиялық, не экономикалық тиімділігі жоқ, сауат аштыру, оқыту ісінде де лайықталған араб графикасы мен
қабылданбақшы латын жазуының бір – бірінен артық–кемдігі шамалы, керісінше, жазу таңбасын өзгерту сан ғасырлық
жазба мұрадан, жазба дәстүрден қол үздіреді дегенді айтты. Ахмет Байтұрсыновты жау етіп тануға күш салғандардың
оған тағатын айыптарының бірі–«Байтұрсынов термин жасауда пуристік бағыт ұстады, яғни қазақ тіліне орыс сөздері
мен интернационалдық терминдерді жолатпауға тырысты» деген пікір болатын. Сөйтіп, ұлы ағартушы, педагог 1929
жылы ұсталып кеткені байқалады. ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында
қазақ мәдениеті, жазба тілі үшін графика
(әліпби) мәселесі мен қазақ жазуы емлесі жайындағы әңгіме баспасөз беттеріндегі пікірталастар түрінде әлеуметтік үнге
ие болды. Бұл–қазақ рухани-мәдени дүниесінің едәуір көтерілгенін, ұлттық проблемаларға бара алатын зиялы топтың,
мәдени күштің жетіле бастағанын танытты. Қазақ жазбасы сан ғасыр бойы қолданылып келген, ХХ ғасырдың басында
реформаланып, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне лайықталған, кезінде үлкен ғалымдар (Поливанов, Яковлев т. б.)
«Байтұрсынов жазуы» деп, ал А. Байтұрсыновтың өзі «Қазақ жазуы» деп, кейінгі зерттеушілер «Қазақтың тұңғыш
ұлттық жазуы» деп аталған араб таңбалы жазуды ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап латынға ауыстыру науқаны
басталды. Бұл қарекет, әрине, жеке-дара қазақ мәдениетінде емес, түріктер мен әзірбайжандарда басталып, Ресей қол
астындағы түркі халықтарының (татар, қазақ, өзбек, қырғыз, ноғай т. т.) барлығының саяси-мәдени өмірінде белсенді
түрде орын алғаны белгілі. Бұл құбылыстың алдыңғы кезеңдердегі алфавит, соған сәйкес жазу тәртібі–орфография
мәселелерінің қойылуынан өзгешелігі сол–бұл кезеңде (1924 – 1929 жылдары) графика мен орфография үлкен саяси-
әлеуметтік үн алды. Конференция, жиындар өткізілді. Бұл проблемаларға арналған ғылыми-практикалық
негіздерге
сүйенген баяндамалар жасалып, үлкен пікірталастар орын алды, қазақ ағартушылары мен ғалымдары арабшылар–
латыншылар болып айқын екі жікті құрады. А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар бастаған «арабшылар» (реформаланған араб
жазуын ұсынушылар) азшылық болды. Сол кезеңнің саясатына қарай өзге түркі халықтары өкілдерінің көпшілігі латын
жазуын жақтап, Кеңес Одағына қараған түркі халықтары үшін латын жазуына көшу ұйғарылды. Міне, осымен
тарихымызда, А.Байтұрсыновтың қазақ халқына, қазақ тіліне үйлестіріп қайта сұрыптап жасаған, өзінің алфавиті мен
бірге халқының сауат ашып, қара тануына зор еңбегін сіңіріпқана қоймай осы жолда бар ғұмырын сарп етті десек артық
болмас. Ал қазіргі заман «Ақпараттық технология заманы». Кім не істеп, не үйренемін десе жолы ашық.
Мектеп
қабырғасындағы оқушыдан зейнеткер қарияға дейін латын алфавитін (толық болмасада ішінара) танымайтын адам
шамалы. Өйткені заман талабына сәйкес, экспорт, импорт, тауар жазбалары, телефон сөздіктері, электрондық почтамен
хабарласу, интернет сайттары, кейбір шетел тілін үйрену үшін осы латын алфавитін қолданады. Расындай қолайлы
жағдай сәтін пайдаланып, мемлекетіміз латын алфавитіне ресми түрде көшкені тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: