САБАҚ БАРЫСЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ
Мұсахан Майра Жүсіпәліқызы
Түркістан облысы Ордабасы ауданы
Бәйдібек Төлепбаев ж/о мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Адамзаттың көптеген
жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу
сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі
бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған
діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император
ашып, өзі де қатысқан.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор
ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас
ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып
орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында
балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы
анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын
технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен
тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының
қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады.
Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен
жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі
бағыттарда жүргізіледі:
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың
біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз
түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының
барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы,
дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі.
Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген
оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан
қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі —
дидактикалық ойындар.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру
мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі
заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында,
қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы,
сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.
Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды
саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен
қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды.
Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын
да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
60
Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі
ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі,
атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Ойынның нақты мақсаты: мазмұны, құралдары, ұйымдастыру формасы, түрлері.
Бұл жүйені бастауыш мектепте оқыту процесінде басшылыққа алуда мұғалімге әдістемелік талаптар қойылады.
Мұғалімге қойылатын бірінші талап – ойынның нақты мақсаттарын түсіну және білу болып табылады, ойынның
негізгі мақсаттары төмендегідей: Бастауыш сынып оқушыларына әрбір пән бойынша меңгеруге тиісті білім мөлшерін
саналы түрде игеріп, оқушылардың іске икемділігін қалыптастыру; Бала қабілетінің қырларын жан – жақты дамыту; Ой
- өрісін, дүниетанымын кеңейту; Еңбек, дене тәрбиесін жетілдіру, оның өмірге көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру; Есте сақтау қабілетін дамыту.
Екінші талап – ойынның мазмұнын анықтау. Мұнда қажетті шарт – ойынның көмегімен жүзеге асырылатын деректі
оқушының жас ерекшеліктеріне, бағдарламалық талаптарға, нақты мақсатқа сәйкес дәл білу болып табылады.
Дидактикалық ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар: (ұжымдық, топтық және даралық таңдау)
ең алдымен оқушылардың ойлауының даму деңгейін, коммуникативтік іскерліктерді (оқу, жазу), қарым – қатынас
іскерлігін қалыптастыру деңгейін нақты есепке алу негізінде анықталады 3 – 6 жасар балаларға тән көрнекті - әрекеттік
және көрнекті – бейнелік ойлаудың даму ерекшеліктеріне сүйене отырып, біз топтық немесе дара ойындарды пайдалану
тиімді деп есептейміз.
Ойынның құралдарына қойылатын талаптар: ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл
жағдайда ойынға қатысты әрбір зат оқушыларға жақсы таныс болуы керек.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нықты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру оларды қалыптастыру,
тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында реттеліп алынған нақты
мазмұнмен анықталады.
Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды
ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді:
1) Танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту;
2) Тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарым-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды,
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан
ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көжу;
2) Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі;
3) Берілген тапсырмаларды шешуге баланың ақыл – ой белсенділігінің күшеюі;
4) Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1) Заттық дидактикалық ойындар дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен
ұйымдастырылады.
2) Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар.
3) Сөздік дидактикалық ойындар.
Мысалы: «Кім жылдам?», «Көршіңді тап», «жеміс жинау», «Алтын қақпа», «Бәйге», «Жүз бір жұмбақ, мың бір
мақал», «Жұмбақ шешу», «Сен білесің бе?», «Ойлан тап!», «Қайда менің өз орным», «Аққала» деген сияқты ойындарды
атауға болады. Енді, осы ойындардың маңызы мынада:
1) Ойындар оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.
2) Әрбір ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.
3) Ойындар адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын ережелері балалардан ұстамдылықты,
тәртіптілікті қажет етеді.
Ойындар, дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуіне дағдыландырады, ойлау қабілеттерін,
ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі.
Ойындар, дидактикалық ойындардың тиімділігі, олардың сабақты, сабақтың әр кезеңіндегі орны мен
міндетін,мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын бастауыш сынып мұғалімінің жетік
меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды
белсенді қатыстыруға байланысты.
Ойындардағы тапсырмалар сыныптары өскен сайын күрделене береді.
Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға
жетелей түседі.
Жаңылтпаштардың тіл дамытуда,сөзді таза сөйлеп, ширақ айтудағы пайдасы көп.
Сабақтарда ойын түрлерін күрделендіріп, «Ойлан, тап!» ойынын ойнатуға болады. Бұл ойынды сабақтың мақсатына
қарай түрлендіріп, тапсырманы орындатуға болады.
Сан есім тақырыбына байланысты: «Сен білесің бе?» ойынын ойнатуға болады. Мұнда мұғалім бір әңгімені
оқитынын, олардың ондағы сан есімдерді атап берулерін ескертеді. Балаларды топтарға бөліп,мұғалім оқып тұрғанда
көңіл қойып тыңдаулары шарт. Қай топ әңгімедегі сан есімдерді көбірек тақтаға жазса,сол топ озады. Сыныптары
61
жоғарылаған сайын сан есімді күрделендіруге болады. Есептік сан есімдерді бір топқа, реттік сан есімдерді екінші топқа
бөлуге болады. Дара,күрделі деп бөлуге болады. Бұл ойыннан оқушылардың алары көп. Дара, күрделі сан есімді жазып
үйренуге дағдыланады, сауатты жазуға жаттығады.
«Қайда менің өз орным?» ойынында оқушыларға бірнеше сөздер беріп, олардың сөйлемдегі байланысына қарай
әрқайсысын өз орнына қою тапсырылады. Екі топқа бөліп беруге де болады. Бірінші топ сөйлемді құраса, екінші топ
сызбасын сызып,талдап береді. Бұл ойында да балалардың сөйлем туралы түсініктерін, білімдерін пысықтай түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |