ОҚУ, СӨЙЛЕУ, ТЫҢДАУ, ЖАЗУ
– ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас, бір
уақытта дамиды. Жоғарыда айтылғандай коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық түрінде де
қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін
тілдік қабылдауы мен түсінгенін қамтамасыз етеді.
Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың басты мақсаттары – оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу
дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Қазақ тілі мұғалімінің
негізгі міндеті – қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу. Қазақ тілі сабақтарын тиімді
өту мақсатында коммуникативтік оқытуды технологиясын қолданамын.
Жаңа білім стандарттарына сай, мынадай талаптарға сүйеніп жұмыс істеу керек ден ойлаймын :
•
сөйлемдерді қолданып сұхбат жүргізу;
•
мектепте және өзін қоршаған ортаны танып білу;
•
оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, дағдыландыру;
•
синтаксистік сөйлемдерді құрастыра білу.
Бұл талаптарға сүйеніп жұмыс істеу үшін әр түрлі сабақ түрлерін өткізу керек. Сабаққа дайындалған уақытта
формаларды (ұжымдық, топтық т.б.) іріктеп алу қажет. Көрсетілген формалар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін,
дағдысын тексеру үшін түрлі белсенді тапсырмалар енгізу қажет. Пәннің мазмұны, яғни сабақтың дидактикалық
элементтерінің жүйесі: сөйлеу, оны тыңдау, сөйлем құрау, аудару, оқу, жазу құралу керек.
І. Тіл материалдары (фонетика, лексика, грамматика) үш бағытқа бөлінеді:
Лексикалық бағыт – айтылуын меңгеріп, мағынасын кездесетін жағдайлар арқылы тілді тез игеру.
Фонетикалық бағыт – дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгеру. Әр сыныпта қазақ тіліне тән дыбыстарды
қайталап, сипаттап, сол әріп бар сөздерді қайталап, ір сабақта бір дыбысқа тиянақтап тоқталу қажет.
Грамматикалық бағыт –оқушылардың ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту, сөйлем құрастыру.
ІІ. Этномәдениет материалдары – тіл мәдениеті, ұлттық ойындар, тағамдар, ән күй, үй жабдықтары туралы
әңігмелеу.
Жеңілден ауырға принципі бойынша жүзеге асады. Айтылған технологияларды 5-11 сыныптарда қолданамын.
Әр жаңа тақырып бойынша мәтінді меңгеру кезінде балалар топқа бөлініп, әр біріне бес міндет беріледі:
Мәнерлеп оқу
Түсіну
Сұрақтар қою немесе диалог құрау
Сызба арқылы өз ойларын айту
Достарыңызбен бөлісу: |