Сабақ түрлерін қолдана отырып, оны дұрыс пайдаланған жағдайда ғана біліміміз тиянақты болады. Сабаққа дайындалған уақытта сабақ түрлерін анықтап, іріктеп аламыз. Олар: топтық, ұжымдық, жеке



Дата06.07.2018
өлшемі58,5 Kb.
#47578
түріСабақ
Жубаниязова Гульнара Камановна

« №22 орта мектебі» КММ


Қазақстан, Өскемен

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТЫП, БІЛІМ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ.


Бастауыш сыныптарының басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып, сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу.

Түйін сөздер: коммуникативтік, ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру, сөздік қорларын, тілдерін дамыту.

Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оқуға талпынатын, өз қабілетін жан- жақты арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, сөйлеу мәдениетін, тілдерін жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету.

Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өту әдістерін түрлендіріп, толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік жан- жақты ізденістерге талпынып отырамын.

Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап қиыншылықтан қиналмай шығуға, шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға дайын болуға дағдыландыру қажет.

Оқушылардың құзырлылығын дамыту мақсатында бастауыш сыныптардағы тәжірибемде жаңа технологияларды қолданамын.

Бастауыш сыныпта білім сапасын жақсартудың басты мақсаттары – оқушылардың тілдік қорларын, сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, оларды жаңа технологиялар арқылы игерту. Оқушылардың құзыреттілігін дамыту мақсатында бастауыш сыныптардағы әсіресе оқушылардың тілдерін , сөздік қорларын дамытуға көп көңіл бөлемін.

Сабақ түрлерін қолдана отырып, оны дұрыс пайдаланған жағдайда ғана біліміміз тиянақты болады. Сабаққа дайындалған уақытта сабақ түрлерін анықтап, іріктеп аламыз. Олар: топтық, ұжымдық, жеке, т.б. Содан соң қандай нәтиже беретінін әр түрлі іс шаралардан көруге болады.

Тіл дамыту сабақтарында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады.

Тіл дамыту сабақтарында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

Тіл дамыту сабақтары әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

Сондықтан дамыта оқыту технологияны қолдана отырып, тіл дамыту сабақтары шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай туғызатын сабақтар, өйткені іздену, зерттеу дағдылары шығармашылық жазба жұмыстарын орындау үстінде қалыптасады және бұл жұмыстар олардың тіл байлығын, білім деңгейін, сана сезімін, сауаттылығын танытады.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушылардың белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу. Тиімді оқытудың негізгі бір шарты–білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.

Әр оқушының «кішкентай жазушы» етіп тәрбиелеуде тіл дамыту сабақтарының мақсаты кең және жұмыс жүруі шексіз болу қажет. Оқушылардың тілін дамыту жұмыстары олардың болашағы үшін үлкен мағыналық маңызға ие. Сондықтан жаңа технологияларды пайдалану нәтижесінде бала оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге жетіп, білім мазмұнын толық меңгере алса, онда ол сөйлеу, тіл мәдениеті машықтарын меңгереді, коммуникативтік біліктілігі артады, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамиды, шығармашылық жұмыс істеу дағдысы қалыптасып. Іс-қағаздар стилін еркін меңгерген, тіл маманы кәсіптеріне бейімделген оқушы тұлғасы қалыптасады. Тіл заңдылықтарын ауызша, жазбаша тіл мәдениетінде қолдануға, құбылыстарды өз ойынша жеткізу қабілеттері ашылып, өзіндік ой – пікірі қалыптасады, мұғалімнің көмегінсіз жаңашылдыққа ұмтылады.

Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

Тіл дамыту – қазіргі мектептегі оқу – тәрбие ісіндегі басты проблема. Өйткені оқушының дұрыс сөйлеу біліміне көңіл бөліп отыр. Сондықтан, мұғалім тіл сабақтарына тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөліп, тілдік материалдарды дұрыс таңдай білу, (сөздің, сөйлемнің үлгілерін бөлу) оны дұрыс бере алу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірінен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады. Оқушылардың тілін дамыту жұмысы – ол баланың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Яғни, оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстыра, сондай-ақ ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады. Тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушының ауызша, жазбаша ойын грамматикалық және статистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету.

Тіл дамыту жұмысы, негізінен төрт бағытта жүргізіледі.

Біріншіден мәдени, әдеби сөйлей білудің нормаларына үйрету; екіншіден лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту. Үшіншіден жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерте арқылы сөз бен сөздің байланысын, сөйлем құратып үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан мәлімет беру. Төртіншіден оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлеу білуге үйрету мақсат етіледі. Тіл дамыту жұмысының негізгі мазмұны осындай 4 мәселе айналасында қарастырылып, іске асырылады. Мұғалім тіл дамыту жұмыстарын творчестволық мәнде жүргізіп, дұрыс жақты түсіне білуіне, үйренуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасалады.

Тіл дамытатын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру – оқушылардың ойлау қабілеттері мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір жолы екенін естен шығармауымыз керек. Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

Сондықтан бастауыш сыныпта оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға ерекше көп көңіл бөлемін. Тіл дамыту сабақтарында жаңа технологияны пайдаланудың нәтижесі білім сапасы мен тәрбие деңгейінің арттыруына көп ықпал етуде. Сабақтарды жаңаша түрде өткізіп, оқушылардың тіл байлығын арттырып, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамытатын жұмыстарды қолданып отырдым.

Тіл сабақтарында сөйлеу мәдениетінің мұғалім атқарған істеріне қарай қалыптасатынын үнемі естен шығармадым. Сонда ғана сөйлеу мәдениетінің белгілері оқушы бойына қалыптасып отырады. Тіл сабақтарында дамыта оқыту жүйесін жүзеге асырудың жолы –берілген сабақты дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, мынадай жұмыстарды да қолданып отырдым.



  1. Өтірік өлеңдер, тақпақтар, өз ойларын ертегі құрастыру.

  2. Шағын мәтіндерді толықтыру.

  3. Тірек сөздер арқылы мәтіндер құрастыру.

  4. Өтілетін шығарма бойынша сурет салдыру.

  5. Суретті жүйелі бейнелеп айтқызу.

  6. Мәтінге ұқсас әңгіме айтқызу. Мысалы «Ана тілі» сабағында «Әке мен бала» тақырыбында осы мәтінге мазмұны ұқсас

Ы. Алтынсариннің «Бір уыс шие» әңгімесін атап, мазмұнын әңгімелеп береді.

  1. Мәтіндерді бөлімдерге бөлу, сол бөлімдерге ат қою, дайын жоспар бойынша әңгіме құрастыру.

  2. Оқыған ертегі, әңгімелерді сахнаға қою.

  3. Балаларды өз пікірін дәлелдеп, сөйлей білуге жаттықтыру.

  4. Сөзжұмбақ шешу.

Осы жұмыстарды тіл сабағы үнемі пайдаланғанда ғана жетістіктерге қол жеткізгеніме көзім жетті. Тіл дамыту жұмысының бір түрі таза творчестволық жұмыс болғандықтан, үйге әртүрлі шығармашылық тапсырмалар беріп, оқушылардың ізденушілік – зерттеушілік әрекетіне дамытып отырдым. Оқушылар өз ойларынан өтірік өлеңдер, тақпақтар, ертегілер құрастырып олардың суретін салып келеді. Әр оқушының жұмысы қараусыз қалған жоқ, оқушылар жазылған жұмыстары туралы өз ойларын, пікірлерін, ортаға салып, ұнаған жұмыстарын талдауға дағдыланады. Кейбір сабақтарда арнайы ситуациялық әңгіме желісін өзім бастап, оқушыларға әрі қарай сұрақ-жауап әдісімен толықтырып қиын сөздерді ойлап айтуына мүмкіндік туғызамыз.

Мысалы: Айгүлдің бір мысығы бар. Мысығы өте пысық. Күнде қорада тышқан аулайды. Мысық тышқанды қалай ұстап алады? Кәне, ойланып жауап берелік



  • Ақырын аңдып жатады да, бас салады

  • Өтірік ұйықтағансып жатып бас салады

  • Тышқанды ұстай алмай қалса, мысық ыза болып, тышқанның інін қазып, ұстап алады.

Осылайша ойдан шығарған әңгіме желісіне қарай бір сұраққа бірнеше жауап аламын да оқушылардың логикалық ойлау қабілетін сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамытып, жетілдіремін.

Оқу процесінде әрбір ұйымның мәнді белгілері мен тұрақты қасиеттерін, ойлау тәсілдерін ажырата білуді уйретуге баса мән беремін. Мұндай тәсілдердің қатарына оқу материалында қамтылатын фактілер мен құбылыстар жатады. Олардың мәнді белгілерін ойлау әрекеттерін қолданып, оқушылардың өздеріне шештіріп отырдым. Осының нәтижесі жемісті нәтижелер берді.

Мысалы, қазақ тілі грамматикасынан өтілуге тиісті «Түбір» деген ұғымы бар. Біріншіден, бұл ұғымды жетік меңгері үшін алдына айқын мақсат қойдым, түбір сөзді қандай тәсілмен ажырата білу керек деген сұрақ қойдым. Екіншіден, оқушы өз бетінше ойлау жолымен қорытынды шығара білерліктей мақсат қойылуын талап еттім де, олар түбір ережесін өздері анықтайтынын айттым. Үшіншіден, оқушылар өз беттерімен белгілі бір ережені шығара алатындай амал тәсілдерді іздестіріп, оларды арнайы жаттығулар көмегімен санасында бекіту мақсатында ойластыру қажет.

Осы талаптар әр уақытта жемісті нәтижелерге жеткізіп отырды.

Жаңашыл сабақтардың нәтижесі оқушы өз ойын қорықпай, еніммен айта алатын дәрежеге жеткізеді. Нашар оқитын оқушылар өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін дамытты. Оқушылардың ауызша, жазбаша дағдылары жетіле бастады. Дамыта оқыту технологияны пайдалану нәтижесінде нашар оқитын балалардың өзіне деген сенімі молайды, қабілеті, танымдық белсенділігі артады.

Тілдің дамуына мектеп пен ұстаз ғана емес, отбасының, қоршаған ортаның, бір сөзбен айтқанда, «еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін»тіл тазалығының, тіл құдіретінің дамуына өз үлесін қосу керек. «Тіл – ақылдың өлшемі» деп қазақ халқы тегін айтпаған. Тіл тазалығы үшін, мағына бермек. Жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып, жүзеге асырылды. Сабақта жаңа технологияны жиі пайдаланудың тиімді жағы да оқушының ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

Технологиялық сабақ мұғалім, оқушы іс-әрекетінің тұтастығын талап етеді. Жан-жақты қарастырылған, яғни, жүйелік мақсаттар бірлігі, оның орындалуы. Технологиялық сабақтарда нақты мақсат қою, мақсаттарды анықтау бірінші орында тұрады. Жоспардың нақтылығы, мақсаттар жүйесі оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра білу, сол арқылы олардың қабілетін дамыту мәселесінде нақты нәтижеге жету ескеріледі. Технологияны пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары, сөздік қоры көбейіп, өз ойын нақты еркін жеткізе алуы, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы, логикалық ойлау қабілетінің дамуы, білім сапасының жоғарлауы шығармашылық дамуына, табиғи қабілетінің ашылуына зор ықпал етеді.

Қорыта келе, оқушының құзырлылығы жаңа технологияны дұрыс пайдалану нәтижесі арқылы дамиды.Танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең,

жан-жақты, дәрежесінің биік болуы.


Қолданылған әдебиеттер:
1. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері. 1991ж- 133б

2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -Алматы: Мектеп, 1978-495 б.


3. Дүйсебаев С. Жаңа педагогикалық технология –бастауыш мектепте //

Бастауыш мектеп.-2003.-№9.-Б.3-8


4. Аманжолқызы Н. Оқыту үрдісінде –инновациялықтехнологиялар //
5. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1977. –712 б.
6. Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2004. 47 б.
7. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет