Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ



Pdf көрінісі
бет44/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ 
 
Райымбердиева Тілектес Райымбердіқызы 
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
Оқушы орталығы
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Шын дарын
өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. 
Халық сеніміне ие болу, оның қас - қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын 
сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Мұхтар ақынның поэзиясынан танып, көруге болады. Мұхтар 
Шаханов өлеңдері - ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік ағымға ойысқан 
заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің 
куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ 
оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен 
құнарландырды. Білікті, парасатты ақын ретінде өз заманының ірі мәселелеріне қалам толғаса да, соның өзінде қазақ 
өлеңі мен ана тілінің ғасырлар қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін бұзбай жарасымды түрде табиғи дамытты.
Қоғамның кемшілігін бетіне басқан қатал сыншы, енді бірде бала мінезді кіршіксіз таза, аңқылдаған аңғал жан 
ретінде әр алуан шығармаларымен халыққа етене жақын. Ол жыр әлемінде өз ойын, өз шындығын жүйелі көркем тілде 
ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлай білген. Мұхтар сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының 
жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, 
қалың оқырманның жан жүрегін баурады. Поэзиядағы көркемдік жүйенің жасалу және қалыптасу сипаты бүгінгі 
әдебиеттану ғылымындағы ерекше назар аударуға тиіс мәселенің бірі.
Қашанда өмір шындығын көркем түйіндеп суреттеу, яғни тарихи-қоғамдық болмысты сол болған қалпында жалаң 
баяндап қана қоймай, көркемдік үлгіде ләззат аларлық дәрежеде жеткізу аса мәнді де маңызды. Осы ретте ауыз әдебиеті 
үлгілерінде, жеке ақындар шығармашылығында көркемдік жүйе қандайлық дәрежеде, олар өмір шындығын көркемдік 
жүйе қандайлық дәрежеде, олар өмір шындығын көркемдік шынайылық биігіне көтере алған ба деген мәселелер 
төңірегінде ойлансақ, мыналарға көзіміз жетеді. Бұған кейде онша мән берілмейді. Анығында бұрынғы және бүгінгі 
жеке ақындардың поэзиясына қарағанда, ауыз әдебиетінің туындылары деп саналатын «Қыз Жібек», «Айман – 
Шолпан», сондай-ақ сол халықтық дәстүрден сусындай отырып, өз шығармашылықтарында оны жетілдіре, дамыта 
түскен "Біржан-Сара", "Әсет пен Рысжан", т.б. сияқты идеялық көркемдік мәні жоғары шығармаларда өмір шындығы 
анағұрлым кең, анағұрлым терең көрсетіледі. Мәселе сол өмір шындығы көркем өнердің биік талаптарына сай 
суреттеледі, эстетикалық ләззат береді. Адамгершілікке, бостандық пен тендікке, ар-намысқа талпынған ақылды, 
тапқыр қазақ жастарының көркем образдарын, кесек мінезін жасаған. Олармен салыстырғанда ауыз әдебиетінің 
тұнығын ішкен жыраулар поэзиясының өкілдері, айтыс ақындары өмір деректерін әр көлемде қамтыса да шыншылдық, 
көркемдік сипаты жағынан төмен жататындығы жасырын емес. Алайда поэзияның осы шыншылдығы жетімсіз, 
көркемдік мотивтері кемшін тұсын Махамбет, Абай, Ыбырай, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым өлендері төрт 
құбыласын түгендеді. Осының нәтижесінде поэзия өзінің өмірлік, сұлулық сипаты жағынан халықтың рухани дүниесін 
толықтыруға үлес қосты.
Еліміз үшін көп еңбек сіңіріп, қоғам өмірі мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың түрлі қасиетін өз өлеңдеріне 
арқау еткен Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Қасқасу селосында 
дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, 1999 жылы Қырғыз Республикасының Халық 
ақыны атақтарына ие болады. 
1961-65 жылдары Шымкент педагогикалық институтында білім алып, оқуды бітірген соң "Оңтүстік Қазақстан", 
"Лениншіл жас" газеттерінде, отандық телевизия, радио, редакцияларда жұмыс істейді. 
1966 жылы көптен күткен «Бақыт», 1968 жылы адамгершілікті арқау еткен «Балладалар», 1970 жылы «Ай туып 
келеді», 1974 жылы «Қырандар төбеге қонбайды», 1979 жылы «Ғашықтық», 1982 жылы «Махаббатты қорғау», 1988 
жылы «Ғасырларды безбендеу» атты жыр жинақтары жарық көреді. 
1984-1993 жылдар аралығында «Жалын» альманағының бас редакторы болып жұмыс істейді. Артынша 1986 жылдан 
бастап Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып орналасады. 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің 
депутаты болғанға дейін Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып 
қызмет жасайды. 
Ақын шығармаларын әртүрлі тақырыпта жазады. Ғашықтық ғаламатында біреуді бақытқа бөлеп, біреуді мұңға 
батырған махаббаттың құдіреттілігін баяндайды. 
Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде 
Ғашық болып өлу - қандай мәртебе! - деу арқылы адам баласының өмірдегі мақсатын баян еткендей болады. 
«Сейхундария», «Күретамырды іздеу», «Арман», «Шың басындағы оқиға» сынды өлеңдері де философиялық ой 
түюге тұрарлық. 
Ақын өлең жазып қоймай, драматургия саласына үлес қосқан. Осыған дейін «Махаббат таңы», «Көкейтесті», «Сенім 
патшалығы» сынды пьесалары сахналанған болатын. Мұнымен қатар, «Уақыт бедерлері», «Зерде кітабы» атты 
жинақтары орыс тіліне аударылған. 
XХ ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында ешкімге ұқсамайтын өз дауысымен, өз болмысымен, өз 
үнімен жарқ етіп танылған Мұхтар Шаханов - қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Асқан талантымен, айбынды 


54 
ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ақын қазақтың қара өлең жазирасындағы, қала берді әлем 
поэзиясындағы ірі тұлғаға айналды.
Егер Мұхтар Шахановтың лирикасы мен поэмалары төмендегідей көрсеткіштермен негізделсе: 
- ақын шығармаларының мән-мазмұнын айқындайтын ғылыми ұғымдар мен зерттеулер жинақталса;
- ақынның өзіндік қолтаңбасын танытатын стильдік ерекшеліктер айқындалса;
- оның поэзиясының тақырыптық-идеялық құндылықтары айқындалса;
- өзіндік тілдік өрнектерін танытатын шығармалары теориялық жағынан зерделенсе;
- ақын поэзиясының көркемдік ерекшеліктері талданып, ұлттық руханияттағы өзіндік рөлі танылса, онда ақынның 
қазақ әдебиеті тарихынан алатын орнын белгілеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет