59
Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымдардың құрамына еніп, организмдер мен қоршаған ортаның өзара
тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген болса, қазіргі заманда экология
шеңбері одан да әрі кеңіп, көптеген
ғылымдармен, атап айтқанда – география, геология, агрономия, химия,
архитектура, математика, физика, генетика,
медицина, қысқасы ғылымның барлық салаларымен тығыз араласып кетті. Осылай қазіргі заманғы экология – зор
қарқынмен дамып келе жатқан, Жер планетасындағы барлық тіршілік иелері үшін іс жүзінде аса зор маңызды, кешенді
ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның дамуына
тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: