110
тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу – оқушыларды сергітіп, тапсырманы дұрыс,
шапшаң орындауға көмектеседі. Сонымен қатар пәнге деген қызығушылығын арттырып, белсенділіктерін оятады.
Ойын үлгісіндегі сабақ нақты ережелерді қажет етеді.
Алғашқы дайындық. Сұрақтар топтамасы мен өткізу формасын талқылау. Рөлдер алдын-ала бөлініп қойылуы қажет.
Бұл танымдық қызметін бірқалыптандырады.
Ойынның міндетті атрибуттары: жабдықтау, қаланың картасы, мүліктерді сәйкестендіріп орналастыру, бұл
жаңашыл әсер енгізеді, күтпегендік, сабақтың эмоциональды жағдайын көтереді.
Ойын нәтижесін міндетті көрсету.
Жетік білімді әділқазылар алқасы.
Ойындағы еркіндік беретін сәттер.
Бастысы –
оқушыға деген құрмет, жұмысқа деген қабілетін өшірмеу, керісінше оны дамыту, онда өз күшіне
сенімсіздік қалдырмау.
Конфуций: «Оқушы мен мұғалім бірге өседі», — деп жазған. Ойын түріндегі сабақтар оқушыға да, мұғалімге де
өсуге мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін ойын технологиялары негізінде белсендіру мақсатында қазақ тілі, ана
тілі, дүниетану, математика пәндерін қамтыдым.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін оқу материалының мәнділігі мен құндылығын көрсетуге, пәнаралық және пән
ішіндегі байланысты орнатуға, қоршаған орта болмысын материалдарымен оқуды байланыстыруға, оқушылардың өз
бақылаулары мен тәжірибесіне сүйенуге тырыстым.
Ойындарға материалды таңдап алуда төмендегідей жайттарды есепке алдым:
Ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері.
Білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлылығы.
Ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғышарттары.
Ойынның құрамына қойылатын талаптар, ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
Ойынның эмоциональды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады:
Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.
Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.
Оларды ойын үстінде
ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.
Енді, мен әрбір сабақта оқушылардың ой-өрісін, оқу – танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының
осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайын.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады.
Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын
дамытуға, әртүрлі жағдаяттар туғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйрету. Сондай-ақ «Сөз қуаласпақ», «Ұйқасын
тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», «Сөзден сөз тудыру», «Білім биржасы», «Брейн ринг» т.б. дидактикалық
ойындар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес мектептен барлық буын оқушыларының білімін дидактикалық ойын түрлері
тұрғысынан дамыту, жетілдіру – педагогика ғылымының міндеті болып табылады.
Осыған орай білімнің мазмұнын, беру жүйесіндегі орнын, оқу
тәрбие процесінің ерекшелігін, оны дұрыс
ұйымдастырудың негізгі әдістерін, формаларын жетілдірудің жолдарын білу керек. Оқу тәрбие процесінде
дидактикалық ойынды қолдану барысында әр баланың жеке басының ерекшелігі есепке алынуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін,
қабілетін, іскерлігін, ойлауын,
дидактикалық ойын барысын да байқау қажет, сонда ғана олардың білімге, ынтасын арттырып, еңбек сүйгіштікке,
білімге құштарлық қасиеттерін нәтижелі қалыптастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: