Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негіздейді.
Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер» деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыру байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуы. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипат арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ой мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоциональды түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.[40,30б]
Дидактикалық ойындарға материалды тандап алу кезінде біз мына жайттарды есепке алдық:
— ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;
білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлылығы;
ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
Ал дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.
1.Сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек.
2.Тапсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, ақыл-ой іс-
әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет.
Ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.
Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.
Дидактикалық ойындарда колданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
6. Дидактикалық ойындардың нәтижелері объективті тұрғыдан бағалануы тиіс.
Дидактикалық ойындарды таңдауда біз оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық-мотивациялық аспектіге сүйендік. Атап айтқанда, олар төмендегілер:
— оқушылардың жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдының көлемі, оқушылардың даму деңгейі мен психологиялық жай-күйі;
— оқып-үйренілетін материалдың сипаты мен мазмұны, сол сабақтың мақсаты;
— нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктері.
Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Сабақта қолданылатын ойын түрлері кең: «Кім жылдам?», «Кім көп біледі?», «Не өзгереді?», «Почта», «Үндемес», «Бәйге», «Көкпар», «Қоржын», «Орамал тастау», «Жалғасын тап», «Сыңарын тап», «Мен саған, сен маған». Ойын кезінде мыналар ескеріледі: жоспарлау, дайындау, іске асыру, ойын шарттарының дұрыстығын бақылау, ойын кезіндегі қарым-қатынас, тәртіп.
Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады [41,39б].
Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпия хаттар, сөз туымдар, логикалық есептер білім береді және оқушыларды ынталандырады.
Қорта келгенде, мектеп оқу үрдісіне «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушының білімін берік меңгеру құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |