Қазақстан реғспубликасы білім және ғылым министрлігі «Мирac» yнивeрcитeтi


Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастыру мүмкіндіктері



бет18/20
Дата09.06.2020
өлшемі237 Kb.
#72815
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Ешмұрат Ұлжан НИРС Приложение

2.2. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастыру мүмкіндіктері.

Қазіргі технологияны қолдану – оқушылар ой-өрісінің еркін дамуына, жан-жақты білім алуына шығармашылық жағдай жасау мақсатында сабақты түрлендіріп өткізу.

Жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:


  • оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

  • оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;

  • оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

  • жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу;

  • пәндік білім стандартымен жете танысу;

  • білімді деңгейлеп беу технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;

  • оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей алғышарттар арқылы іске асады: І кезең – оқып-үйрену; ІІ кезең – меңгеру; ІІІ кезең - өмірге ендіру; ІV кезең – дамыту.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады.Олар мыналар:



  • педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу;

  • оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын қарастыру;

  • оқу модулін құрастыру;

  • оқу жобаларын мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;

  • оқушылардың жаңа материалды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;

  • оқу әрекетінің бағалау көрсеткіштерін анықтау.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.Сондықтан танымдылық іс-әрекетті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұнын, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының, т.б.) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

  1. Оқушылардың өзіндік ізденуі іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені, бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: оқушы – мұғалім ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, белсенділігіне баса назар аударылады.

  2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.

  3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет.

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

  • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

  • білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

  • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Сонымен, педагогикалық технологияны тек қана техникалық оқу құралдарын дамыту немесе компьютерлендіру есем, жоғары нәтижелерге бағытталған біртұтас өзара байланысты әдістер, тәсілдер, мазмұнның жиынтығы деп қарастыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет