Қазақстан реғспубликасы білім және ғылым министрлігі «Мирac» yнивeрcитeтi



бет5/20
Дата09.06.2020
өлшемі237 Kb.
#72815
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Ешмұрат Ұлжан НИРС Приложение

Ғылыми жұмыстың аннотация

Ғылыми жобада зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты анықталып, зерттеу міндеттері мен әдістері, жетекші идеясы, практикалық мәнділігі, ұсыныстар мен зерттеулер нәтижелерінің сынақтан өтуі мен дәйектілігі баяндалады.



Зерттеудің мақсаты - оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын арнайы технологиялар арқылы қалыптастыруды тоериялық тұрғыда негіздеп анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

-Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды тарихи - педагогикалық тұрғыда анықтау;

- Оқушылардың бойында қазіргі заманның талаптарын есепке ала отырып салауатты өмір салтын қалыптастырудың міндеттері мен мазмұнын жас ерекшелік тұрғысында айқындау;

Бұл курстық жұмыста осы тақырып аясындағы ұғымдардың мәні мен мазмұны ашып көрсетілген. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ғалымдардың еңбектері талданып көрсетіледі. Оқушылардың салауатты өмір салтына әсер етуші залалды және пайдалы факторларға сипаттама беріліп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға негіз болатын дидактикалық ойындар берілген.




Кіріспе

Балалардың денсаулығы – қоғамның көрсеткіштерінің, әлеументтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады. Қазақстандағы мектеп оқушыларының денсаулық деңгейлері қоғамның, әсіресе дәрігерлер және мұғалімдер арасында дабыл қағуда.Ақпарат құралдарының материалдары және статистикалық деректердің көрсетуінше хх ғасырдың аяғында, ХХ1ғасырдың басында мектеп оқушыларының денсаулықтары күрт төмендеген. Балалардың денсаулық деңгейлерінің көрінісі көпшілік жағдайда мектептің жауапкершілігінде деп көрсетіледі [1].

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» атты жолдауындағы 4-ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі.

Бұны Елбасы жолдауындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» деген жолдарынан байқауымызға болады [2 ].

Мектеп оқушыларының денсаулықтарына теріс әсер ететін факторларының қатарына мектеп оқушыларының оқу сабақтарымен артықша жүктелулерін, педагог пен оқушылардың арасындағы авторитарлық қарым-қатынастықты, оқыту мен тәрбиелеудегі баланың тұлғалық және жас ерекшеліктерін қажетті деңгейде есепке алынбаушылықтарын, гиподинамия және т.б. атап көрсетуге болады. Мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын қазіргі заманның талаптарына сәйкес жүргізу, оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық қызметкерлер мен мұғалімдердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Педагогика ғылымында осы туындаған мәселені шешудегі тиімді жолдары мен құралдарын негіздеу қажеттілігі туындайды [3,25б ].

Қазіргі мектеп оқушысын салауатты өмір салтына тәрбиелеудің басты міндеттеріне мына төмендегілер жатады:



  • халық педагогикасы элементтерін қолдану (ауызша халық шығармашылығы, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындар т.б.);

- өз денсаулықтарын сақтауда, салауатты өмір сүру дағдыларында жауапкершіліктерін қалыптастыру.

- арнайы денсаулық сақтау технологиясы арқылы салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру [4,6-8б ].

Шығыстың ойшылдары Аль-Фараби, Абу Али Ибн-Сина, Ж.Баласағұн, А.Ясауи өз трактаттарында денсаулық пен өмір салтының байланыстылығы туралы айтса, педагог-ағартушылар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулати, Асан Қайғының шығармаларында жас бүлдіршіндерге денсаулық сақтау туралы білім беру керек екендігіне көңіл бөлінген.

Педагогика саласындағы бірқатар зерттеуші ғалымдар Ақбердиева Д.Ф., Зайцев Г.К., И.И.Соковня-Сейшона, А.С. Иманғалиев, Г. Сисенғалиева, Т.Г. Тынынбаева, С. Исаев, Е.Г. Жук және т.б. еңбектерінде салауатты өмір салтына тәрбиелеудің педагогикалық стратегиясы оқушының алған, алатын білімі мен тәжірибесі негізінде жүргізілуі, орындалуы тиісті деп көрсетеді және де салауатты өмір салтына тәрбиелейтін кезеңді тізбектей анықтау қажет екендігін айтады.

Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді.Оқушылардың денсаулығына әсер ететін факторлар өте көп, сол себептен оларды салауатты өмір салтына үйрету қажет [5,25-28б ].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет