Қазақстан реғспубликасы білім және ғылым министрлігі «Мирac» yнивeрcитeтi


Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастырудың ерекшеліктері



бет8/20
Дата09.06.2020
өлшемі237 Kb.
#72815
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Ешмұрат Ұлжан НИРС Приложение

Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастырудың ерекшеліктері.

Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттің бірі-жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешекте өмірге пайдалана білуге тәрбиелеу.

«XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» делінген Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында. Бұл мәселе жалпы білі беретін мекемелерге байланысты айытлып тұрғандығы белгілі. Сол білім ордасында толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық. Себебі, біз қадам басқан XXI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-эконмикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында қазіргі кезеңде мұғалімдердің біліктілігін жетілдірумен қатар кәсіби қызметтің ғылыми негіздерін өмірде қолдануға, іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.

«Тегінде, адам баласы ақыл, білім, мінез деген қасиеттерімен озады» деген екен қазақ елінің ұлы ақыны Абай Құнанбаев. Біз қадам басқан XXI ғасырдың азаматы қандай болу керек? Біз бұл сұраққа ақылды, білімді, мәдениетті, Отан сүйгіштік қасиеті жоғары, жаңаны тануға деген ұмтылысы зор болу керек деген жауап алған болар едік [25,27б ].

Бастауыш мектеп шағы бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің 1-4 сыныптары). Балалар мектепке 6 жастан баратын, ал бастауыш оқу ұзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалды. Мәселен, бұл кезенді мектепке мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. Ол бастауыш мектеп білім алуының алғашқы және соңғы сатысындағы балаларда да болған жоқ. Бастауыш мектеп жасының пайда болуы экономикалық жағынан дамыған елдерде жалпыға бірдей міндетті толық емес және толық орта білім беру жүйесінің шығуымен байланысты.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Бұл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе де скелеттің қатаюы әлі де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру және спорттың көптеген түрімен айналысу үшін елеулі мүмкіндіктер де ашады, сондай-ақ теріс зардаптарға да (дене дамуының қалыпты жағдайлары болмаса) әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушысы отыратын мебельдер көлемінін. сай болуы, стол мен партаға дұрыс отырғызу — бала денесінің, оның тұлғасының қалыпты дамуының аса маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілеттілігінің шарты екендігі, осыдан [26,69б].

Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету — бірінші сынып оқушысына орынсыз каталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді, бұл олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін [26,71б].

Мұғалімнің позициясы мынадай: бала оның алдында қандай да бір именшектік жасамай тұра алмайды. Осының салдарынан мектепте балалардың біреулері тым тұнық, ал екіншілері босаңдау бола бастайды (олар үйінде тіпті басқаша болуы мүмкін). Бірінші сынып оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді [26,73б].

Тәжірибелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауынын, өзіндік жеке-дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының «астарына» көз жүгіртіп, олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Балаларды тек осындай арнайы зерттеудің негізінде ғана оларға әсер етудің белгілі бір нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл әдістің мақсаты барлық бірінші сынып оқушыларын сабақ үстінде тыныш, ұстамды болу мінез-құлық әдетіне, сабақтардың жалпы қарқынын сақтауға, мұғалімнің ескертулеріне іскерлікпен жауап беруге тәрбиелеу болып табылады. Түптеп келгенде осының бәрі мұғалімге және оның іс-әрекетіне сенуді тәрбиелеуге келіп саяды.

Мұғалім барлық балаларға бірден қарап, бәріне бірдей талап қойғыш болғанда, нашар оқитындарды еңбек сүйгіштігі үшін мадақтап, жақсы оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы ойдағыдай болады. Бұл сыныптың коллективтік жұмысына психологиялық жағынан жақсы жағдай жасайды. Мұғалім ықыластарының ортақтығы бойынша (олар маркалар жинанды, қуыршақ театрымен айналысады), сыртқы өмір жағдайларының ортақтығы бойынша (балалар бір үйде тұрады, бір партада отырады) және т.б. бойынша балалардын достасуын қолдап отырады. Бала мектепке келгеннен кейінгі алғашқы айлардағы тәрбие жұмысының маңызды мақсаты — сынып, содан соң мектеп оған бөтен адамдар тобы емес, қайта құрбыларының өзінен кіші әрі үлкен жолдастарының тілектес те қайырымды коллективі екендігін оның бойына дарыту.

Балалар алдына шешілу жолдары мен құралдарын белсенді анықтауды талап ететін тапсырмалар жүйесін беру бірінші сынып оқушыларын әуел бастан-ақ ақыл-ой ізденісі саласына жетелейді, олардың алдына жан-жақты пікірлер мен тұжырымдар негізінде іс-әрекеттің табылған әдістерін негіздеу қажеттігін ашады. Осындай белсенді ойлау іс-әрекетінің арқасында балалар қажетті білім мен іскерлікті саналы түрде меңгереді. Бұл жұмыс балаларды қызықтырады және мұғалім тарапынан дұрыс басшылық жасалса, олардың шамасы толық жетеді. Сондықтан оқытудың алғашқы айларында балалардан қайсы бір мәліметтерді олардың қажеттілігі мен қолданылу жағдайларын тиісті дәрежеде түсінбей тұрып жай есте ұстауды талап ету ерекше кауіпті. Әрине, бірінші сынып оқушылары көп нәрсені берік есте сақтай да алады. Оқудың тікелей және сырттай тиімділігіне мұнда қол жетеді, бірақ маңызды сәті - оқу материалдарына балалардың танымдық ынтасын қалыптастырудың бастамасы — назардан тыс қалады. Мұндай ынтаның болмауы алдағы бүкіл оқу ісіне зиянын тигізеді.

Сонымен, бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалынын мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады [26,75б].



Бастауыш мектептерге арналған "ТӘЙ-ТӘЙ" технологиясының авторлары білім беру барысындағы ең маңызды да, жедел тапсырманың бірі ретінде білім беруде жаңа модель ойлап шығару керектігін атап отыр. Бұл жаңа модель әр балаға, мектептегі ең алғашқы күнінен бастап, өміріміздегі барлық нәрсе бір-бірімен тығыз байланыста екенін түсіндіріп, жеткізуі тиіс. Осы қүжатты дайындау барысында біз көптеген ғылыми жұмыстарға арқа сүйедік. Олар: танымдық психология өрісіндегі жаңалықтар, ми дамуының, әлеуметтік ғылымдардың және білім беру ісінің ғылыми зерттеушілері. Біздің басты мақсатымыз — Еуропалық және Америкалық философтарынан үйренген ең тәуір жаңалықтарымызбен сіздерді таныстыру. Оның себебі — біз жеке адамды, бір-бірімен тығыз байланыстағы дүниенің парасатты ойшылы ретінде оқушының шығармашылығын сыйлайтын білім беру тәжірибесін әрі карай дамытқымыз келеді.

Білім беру - болашақта жетістіктерге жетудің кілті. Карл Саган (1977) былай деген: «Соңғы бірнеше ғасырлар ішінде орын алған айтқысыз әлеуметтік және технологиялық өзгерістердің нәтижесінде, жер бетінде қарама-кайшылықтар туындап отыр. Біз дәстүрлі және тұрақты қоғамда өмір сүріп жатқан жоқпыз. Алайда үкімет, осы құбылмалы өмірде, біз бір орында тұрғандай әрекет етеді. Біз өзімізді жоқ етіп жібермейік десек, болашақ дуние мынадай қоғамға тиесілі болуын көздеуіміз тиіс, өзіміздің рептилиялық және сүт қоректілерден жаратылғанымызды есте сақтай тұра, біздің табиғи адамдық компоненттеріміздің дамуына кедергі етпейтін; ұқсастықтан гөрі әртүрлілікті қолдайтын; өз ресурстарын әрқилы әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдениет эксперименттеріне жұмсауға даяр тұратын; ұзақ уақыт өркендеу жолында қысқа мерзімдік табыстардан бас тарта алатын; жаңа идеяларды болашаққа апаратын ерекше нәзік, сыпайы, әрі керемет бағалы жол ретінде санайтын қоғам құру»[29,206б.].

Бірінші жылдың аяғына таман бастауыш мектептерге арналған "ТӘЙ— ТӘЙ" технологиясы балаларға, "ТӘЙ—ТӘЙ" моделінің және әдістемесінің басты төрт түсініктерін ашып береді. Олар: қарым-қатынас, қамқорлық. Қарым-қатынас Оған оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау, емле ережесі, бейнелеу өнері және есеп енеді. Қамқорлық тақырыбы оған дүние тану ғылымдары арнайы білім беру пәндері ретінде енеді. Байланыс - өмірдің бір-бірі мен байланысы жөніндегі түсінік беретін пән, балаларға алған білімінен жаңа түсініктерге көпір жасап, дүниеге жаңашырдықпен қарайтынын айтады.

Екіншісі, балалық шақты бағалауды мойындау. Адамдар балалық шақтың маңыздылығын түсінгенде ғана, балалар өмірінің сапасы жақсара бастайды. Ересектердің балаларға әсер ететін жағдайларды жақсарту жөніндегі жауапкершіліктері арта бастайды. Балаларды жақтайтын, олардың деңсаулық және ол-ауқатын қамтамасыз ететін заңдар қабылданды. Жас балаларға білім беруші педагогтар жастық шақ дене бітімі, әлеуметтік, сезім және таным өрістерінің дамуына негіз салады деп сенеді. Бүгінгі таңда жас балаларға көп назар аудару қажеттілігі мойындалған, себебі олардың ересек адамдардан көптеген өзгешеліктері бар. Адам затының дамуы мен ми функциясының жұмыс атқаруының күшейе түсуімен бірге, балаларға арналған бағдарламалар мен білім беру әдістерінің сапасы да жоғарылай түсті. Осы өзгерістермен қатар, балаға және балалық шаққа деген жаңа сый, дүниенің түкпір-түкпірінде оларға арналған бағдарламалардың бұрын-соңды болмаған мөлшерде ұсынылуы [30,207б].

Ұл балалар мен қыз балалар арасындағы даму айырмашылықтарын есте сақтағанымыз дұрыс. Ұл балалар мен қыз балалардың дамуындағы уақыт аралығы ортақ болғаныт мен, мектеп жасына келген ұлдар мен кыздардың даму арасында алты айлық айырмашылық болады. А.Солерман (1994) былай деп жазған: Мерзімге бөлінген ми өсуі жөніндегі тамаша зерттеулер. Пиаже пен Гессельдің жұмыстарына тереңірек биологиялық тірек бола тұра, ми құрылымының өзгеріп отыратындығының маңыздылығына көзмізді жеткізіп отыр. Балалық шақта ұл балалар, осы структуралық өзгерістер.мен жылжу барысында, қыз балалардан 6-8 айға дейін артта қалып қоюы ықтимал. Соңғы жылдардағы зерттеулер, осы айырмашылықтардын кейбіреу,мұғалімдердің ұл бала мен қыз 6аланың жынысының және .иәдениетінің стериотиптеріне баланысты болып отыр деп анықтауда. [31,8б].

Келесі көрсетіліп отырған алты және жеті жасарлардың мінездемелері Чип Вудтің (1994) жазған Өлшеуіш атты кітабынан алынған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет