Қазақстан Републикасының білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық (309-бап)



бет5/21
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#32838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық (309-бап)
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі - қоғамдық адамгершілік болып табылады.
Қылмыстың заты - жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар.
Притондар деп - ақы алып жезөкшелікпен айналысуға адамдардың кез келген нысандағы жыныстық қатынасты жүзеге асыратын арнайы жабдықталған тұрғын жайлары немесе
қарастырылады. Көрсетілген қылмыстың объективтік жағы жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сондай ақ пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық арқылы көрініс табады.
Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру деп, оны құруға арналған кез келген іс әрекеттерді айтамыз. Оған тұрғын жайды табу оның иесімен шарт жасасу, осы жайларды жезөкшелікпен айналысуға жабдықтау (мебельдер қою, гигиеналық құралдар, жамылатын, басқадай қажетті киімдер), жезөкшелікпен айналысуға бейім клиенттерді табу, күзет және қауіпсіздік шараларын белгілеу жатады.
Притонды ұстау деп - тұрғын жайларды жезөкшелікпен айналысу үшін үнемі жалға бере отырып, сол үшін ақы алу, осы жайларды күтіп ұстауды, күзетуді, оған қажетті жабдықтарды қамтамасыз етіп отыруды жүзеге асыруды айтамыз. Жезөкшелікпен айналысуға пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлық жасау деп осындай тәсілмен жыныстық қатынастар жасауға бейім адамдарды іздестіріп, оны бір-бірімен кездестіруді, притонды ұйымдастырушы мен оны ұстаушыларға осындай клиенттерді тауып беріп, сол үшін тиісті ақы алушылықты айтамыз.
Жеңгетай еркек пен әйелдің секске қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың тезірек танысуларына ықпал жасайды.
Қылмыс обьективтік жақ көзделген әрекеттердің басталу сәтінен аяқталған болып есептеледі, яғни құрылымы бойынша формальдық құрамға ие.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғанын немесе ұстағанын, соған пайдакүнемдік мақсатпен жеңгетайлық жасағанын сезеді, біледі және сондай әрекеттер істеуді тілейді.
Жеңгетайлық үшін пайдакүнемдік мақсат – міндетті белгі болып табылады. Притондарды ұйымдастыру және ұстау бұл мақсатсыз да жасалуы мүмкін.
Қылмыс субъектісі 16 жасқа толған тұлға. Бағаланушы құрам дәл осы қылмысты ұйымдасқан топтың, сол сияқты, осы қылмыс үшін немесе жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін бұрын сотталған тұлғаның жасауымен ауырлай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет