Қазақстан-ресей


Этнос үғымы мен белгілері



бет36/48
Дата16.03.2022
өлшемі147,58 Kb.
#136038
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Байланысты:
Социология рк 1

Этнос үғымы мен белгілері


Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен
ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы əлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дəрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт жəне т.б.).
Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар жəне т.б.).
Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, əдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі
жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.
Этнос ең алдымен, мəденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ жəне əлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы
мен халықтың əлеуметтік жəне шаруашылық əдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дəстүр, əдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мəдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай
атауы, ортақ мəдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет