Денсаулық жəне қоғам (тарихи көзқарас).
Денсаулық – адам организмінің қалыпты
жағдайы. Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен жəне жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) жəне əлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды.
Денсаулықты жеке адамның денсаулығы жəне жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің
клиникалық, физиологиялық жəне биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның
жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық жəне географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен жəне жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) жəне əлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы жəне жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық жəне биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның
жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық жəне географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.Ал жалпы халықтың денсаулығы
санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, əр түрлі ауруларға шалдығуы,
адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек
ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек жəне тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мəн- маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мəн берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тəні сау» деген мақал- мəтелдері адам денсаулығын күтуде терең тəрбиелік жəне философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |