Əлеуметтану пəнінің даму кезеңдері Əлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы əрекеттері біз үшін Платонның "Республикасы" мен
"Заңдарында" жəне Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бəрі тек алғашқы
талпыныстар болған еді. Алайда, осынау
шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда жəне Ағартушылық
ғасырларында əлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды.
"Əлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды əлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым
элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен əдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді.
Платон
мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген
жоқ, жəне, Конт: барынша қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік
ұғымындағы ақиқат атаулы əлеуметтік түсіндірмелері əлі едəуір дəрежеде теологиялық жəне метафизикалық болып қала берді.
Сонымен, Конт бірінші болып осынау
кемшіліктерге ұтымдылық сəулесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, жəне барлық байланыстарындағы əлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген жəне саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік
ғылымның негізін қалауға тырысты. Əлеуметтану, Конт түсінігінде, əлеуметтік физикаға əбден сəйкес болуға тиіс, өйткені, əлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептері мен жаратылыстық заңдарын ашу жəне тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық жəне жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік əдіске сүйене отырып, əлеуметтану жеткілікті дəрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.
Достарыңызбен бөлісу: |