Қазақстан-ресей


Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы



бет8/48
Дата16.03.2022
өлшемі147,58 Kb.
#136038
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
Байланысты:
Социология рк 1

Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер). Əлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның əлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.

Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, əрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт

жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дəйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық жəне позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.



  1. Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандайда бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.

  2. Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі

ұғымдардан бас тартты,ендігі жерде
құбылыстарды, процесс, олардың мəні мен себебін философиялық абстракциялы
ұғымдардың негізінде түсіндіруге
тырысты.Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интелектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындайды.

  1. Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мəндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады.Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арсындағы тұрақты байланыс пен

қатынастарды белгілеп отырады.
О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақты фактілерді оқып, үйрену керек.Нақтылы фактілер – бұл əлеуметтік құбылыстар мен процестер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды.Бұл арада басшылыққа алатын бір
қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тəн.Обьект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік білім жеңілірек, тезірек
болды.Осыған орай позитивтік əдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған.Ал, əлеуметтану жағымды,оң білімнің ең жоғары шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік » əдістерге сүйенеді.Позитивтік əдіс теориялық əлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тəжірибелік) факторларға сүйенеді.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет