Қазақстан-ресей


Девиацияның теориялық тəсілдеріне қысқаша шолу (социологиялық, биологиялық, психологиялық)



бет10/48
Дата16.03.2022
өлшемі147,58 Kb.
#136038
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Байланысты:
Социология рк 1

Девиацияның теориялық тəсілдеріне қысқаша шолу (социологиялық, биологиялық, психологиялық).


Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті жəне криминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлық - əлеуметтік нормалар мен ережелерге сəйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір əдебиеттерде бұл типті
«антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез- құлық, суицид т.б. жатады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

    1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты

жағымсыз іс-əрекеттерде көрініс береді.

    1. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

    2. Наша сату жəне тарату.

Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған
қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

  1. Биологиялық факторлар – баланың əлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық жəне анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:

    • ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б.

сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері,
жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.

    • психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш,

дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері

əсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;



    • физиологиялық факторлар: сөйлеу

дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бəрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы- құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.

  1. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде

əлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың əрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық жəне мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында əлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей,
жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық)
тепе-теңсіздік жəне суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар жəне психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық,
зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.

  1. Əлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тəрбиедегі кемшіліктердің нəтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына жəне бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бəрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:




    • оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген

қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пəнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;

    • мектептік бейімсіздік (дезадаптация) –

бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;

    • əлеуметтік бейімсіздік – баланың

оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып,
алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;

əлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы əлеуметтік теңсіздікке əкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-əрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоəлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет