7- сынып Қазақ тілі



бет1/2
Дата17.05.2020
өлшемі24.65 Kb.
  1   2

7- сынып

Қазақ тілі пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-тапсырма Дұрысын табады.

1.Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады?
А) Синтаксис
В) Лексикология
С) Полисемия
Д) Стилистика
Е) Пунктуация

2. Үтірдің қойылу себебі.
Оқып білім ал, бөбек!
А) бірыңғай мүше
В) одағай
С) қыстырма сөз
Д) оңашаланған айқындауыш
Е) қаратпа сөз

3. Үтірдің қойылу себебі
Менің ұғуымша, терең сын.
А) Шартты бағыныңқылы сабақтас
В) Толымсыз сөйлем
С) Оқшау сөздер
Д) Қыстырма сөз
Е) Құрмалас құрамындағы жай сөйлем

4. Қойылмаған тыныс белгіні табыңыз.
Жақсы адам елдің арысы.
А) қос нүкте
В) сызықша
С) үтір
Д) нүкте
Е) сұрақ белгісі

5. Қаратпа сөз
А) Алдарыңнан ақ жол болсын, ардагерлер.
В) Расында, ол келе алмады.
С) Екі бесіміз – он.
Д) Ертең де, бүгін де бара алмаспын.
Е) Отыз – алтыға қалдықсыз бөлінеді.
2-тапсырма

А мәтіні

Гоблин (ағыл. Goblin) – адамға ұқсастығы бар, аласа бойлы тіршілік иесі. Басы денесімен салыстырмалы тұрғыда үлкендеу болып келеді. Негізі шотланд аңыздарында гоблиндер өте ашушаң, соғысқұмар болып суреттелсе, Толкин мен Роулингтің ғажайыптар әлемінде гоблиндерге өзгеше мінездеме беріледі. Ақшаға ұқыпты (Гринготтс банкінің қызметкерлері), өте еңбекқор

(Грифиндорф қылышын гоблиндер жасаған) болып сипатталады.

Акромантул (ағыл. Acromantula) – алып сегіз көзді өрмекші. Көне кельт аңыздарында кездесетін өрмекшінің үлкен тұқымдары адамның тілінде сөйлей алады. Осы тектес өрмекшілердің ең алыбы және негізін қалаушы Арагог. Ол Хогвартсты айнала қоршаған орманда өмір сүреді. Жалпы тұқымның америкалық тарантуламен туыстығы бар деп зерттелген. Акромантулдардың Отаны Борнео аралы болып саналады. Сиқыршылар оларды негізінен қазынаны күзеттіру мақсатында алдырған.

Мантикора (ағыл. Manticore) – грек мифологиясында кездесетін басы адам, денесі арыстан, ал құйрығы шаяннан алынған өте қауіпті құбыжық. Аңыздың астары бойынша мантикора өзінің кезекті асын өлтіріп тынғаннан кейін мысық сияқты мияулайды екен. Ал оның уы қылт етпей өлтіреді.

(180 сөз) http://massaget.kz/layfstayl/debiet/18606/

1.Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]



Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

A.

Гарри Поттердегі Гоблин бейнесі мифтік аңыздарда айтылғаннан бұрмаланған.







B.

Бүгінгі фантастикалық туындыларға көбіне мифтер мен аңыздар негіз бола алады.







C.

Ғылыми фантастикалық шығармалар көбіне робототехникамен байланысты болады.







2. Оқырмандар арасында фантастикалық шығармалар көркем шығармаларға қарағанда танымал болады. Сіз осы оймен келісесіз бе? Ойыңызды 4-5 сөйлеммен жазыңыз.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3 балл
Жазылым

Төменде берілген тақырыпқа тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз..



5 балл

1. Сізге алтын балық ұстап алу бақыты бұйырды делік. Алтын балық сіздің тек үш ті- легіңізді ғана орындай алады. Ал сіз осы оңтайлы сәтті пайдаланып, жеке әлеміңіз бен қоғам өміріне қандай өзгерістер енгізгіңіз келер еді? Алтын балыққа тілектеріңізді білдіре отырып, бұл жөнінде сюжетті әңгіме құраңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет