Қазақстан-ресей


Əлеуметтік-еңбектік қайшылықтар



бет28/48
Дата16.03.2022
өлшемі147,58 Kb.
#136038
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Байланысты:
Социология рк 1

Əлеуметтік-еңбектік қайшылықтар Субъектілердің арасындағы қақтығыстың тоқтауымен шиеленіс аяқталады. Алайда, бұл

жағдай көпке созылмай, шиеленіс қайта басталуы мүмкін.
Шиеленіс толық шешімін тапқанда ғана, оның толық аяқталады. Əрине, бұл қоғамдағы барлық шиеленіс толық шешіліп, келісім орнайды деген сөз емес. Өмірде екі жақтың уақытша келісімге келуі немесе жартылай шешімі табылатын шиеленістер жиі кездеседі. Сол сияқты шиеленісті күшпен

басып тастау да жиі орын алатын жағдай. Мұны шиеленістің шешілуі деп түсінбеу керек.


Р.Дарендорф атап көрсеткендей, басып тасталған шиеленіс қатерлі ісік тəрізді, оның асқынуы əбден мүмкін. Əлеуметтік шиеленісті толық шешу үшін оны туғызған себептерді жою керек. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – субъективтік себептерден туындайтын шиеленістерді шешудің қиындығы. Эмоцияға байланысты шиеленістер толық шешілуі үшін екі жақтың адамдарының бір-біріне деген көзқарасы толық өзгеруі керек. Ол үшін қарама- қарсы жақтың адамдары бір-бірін «бітіспес жау» деп санамай, керісінше, əріптес ретінде
қабылдайтындай қарым-қатынас орнауы керек. Кез келген ұйымның, мекеменің, кəсіпорынның дұрыс, тиімді қызмет етуі жəне қабылданған шешімді ойдағыдай жүзеге асыруы үшін қайшылықты, шиеленісті жағдайларды алдын
ала болжай білуі қажет. Мұндағы басты мақсат – шиеленістердің алдын алу, егер бастала қалса, оларды шешудің жолдары мен əдістерін білу.
Шиеленістердің алдын алу дегеніміз, оларды туғызатын басты себептерді анықтау жəне оларды жою. Бұл істе кəсіпорын немесе мекемедегі психологиялық қызметтің маңызы зор. Мəселен, Батыс елдерінде соңғы жылдары əр мекемедегі адам ресурстарын басқару бөлімінің шеңберінде арнайы құрылым қызмет атқарады. Мұндай құрылым еңбек ұжымы шеңберінде қақтығысты жағдайлардың алдын алу, ұжым мен əкімшілік арасында келіссөздер жүргізу сияқты істермен шұғылданады. Бұл істе ұжым мүшелерін психологиялық біліммен қаруландырудың да маңызы үлкен. Əлеуметтік
шиеленістерді шешу - өте күрделі жұмыс. Ол түрлі жолдармен жəне əдістермен өтуі мүмкін.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет