Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет169/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

3.Жаңа сабақ.
1. Ой қозғау стратегиясы бойынша:
Абай кім?
1)
Абай-қазақ халқының ұлы ойшылы.
2)
Абай-данышпан ақын.
3)
Абай-сазгер.
2.Абайдың табиғат мезгіліне арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
1) «Күз» өлеңі.
2) «Қыс» өлеңі
3) «Жазғытұры» өлеңі
4) «Жаз» өлеңі.
Қызығушылықты ояту стратегиясы
3.Осы аталған өлең жолдарынан кім үзінді оқиды?
Оқушы жауабы: Жазғытұры.
....Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі,
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі...
Күз.
...Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Қыс.
Ақ киімді, денелі, ақсақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Жаз.
Жаздыгүні шілде болғанда
Көкорай шылғын бәйшешек
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
4.Осы аталған өлеңдерінен басқа Абайдың жазғы тамаша табиғат көрінісін суреттеуге арналған өлеңі «Желсіз түнде жарық 
ай». Бүгінгі сабағымызда Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқи отырып, жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға 
келтіреміз. Иллюстрация.
Ал, оқушылар, Абайдың осы өлеңінің көрінісін көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Желсіз, тынық, жылы күн. Айнала 
жым-жырт. Аспанда толықсып толған ай сәулесін шашып, бүкіл далаға нұрын төгіп тұр. Су бетіндегі айдың сәулесі өзен 
бетін көгілдір сары алтын түске бөлеп діріл қағады. Ағаштың қалың жапырағы да өздерімен-өздері жайымен ғана 
сыбырласып, манаураған түннің тыныштығына құлақ салғандай, жер дүние құлпырып, жасыл шөпке, қырмызы гүлге 
бөленіп ерекше сүлулық танытқандай. Табиғаттың осы бір әсем көрінісін бейнелеудің қанщалықты қиын екендігіне қарамай, 
суретші ақынның айтайын деген ойын бізге ғажайып шеберлікпен жеткізе білген. Шығармадағы түн көрінісі ақ, қара 
бояумен ғана бейнеленіп, бұлт арасынан шыққан ай су бетіне жарық сәуле шашып, жағалаулар қызыл қоңыр реңге өте 
жеңілсалынса, алдыңғы пландағы биік ағаш өте қою бояумен салынған. Түнгі көріністі бейнелеуде суық түстер (жасыл, көк, 
сия көк) басым қолданылған. Суретті гуашь немесе майлы және акварель бояуларымен салуға болады.
5. Жаңа сабақ бойынша: істелінетін жұмыс түрлері.
1) Тақтадағы көрнекілік суретті салмас бұрын оқушылар назарын боя түстер схемасына аударамын.
2) Сурет бойынша өзбетіндік жұмыс. («Желсіз түнде жарық ай» суреті бойынша)
3) «Көз алдына елестету» (Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқи отырып, көз алдыңызға нен елестеттіңіз?)
Ой саралау стратегиясы.
4)
Клеткадан көшіріп салу. (аттың, теректің суреттерін көшіріп салу)
5)
Карточкамен жұмыс. (Салынған суреттің түсін тауып, бояу)
6)
Кодоскоппен жұмыс. (нүктелерді бір-бірімен қосу арқылы киіз үйдің суретін шығару)
7)
Викториналық сұрақтарға жауап беру. (ауызша)
1.
Негізгі және қосымша бояуларды атаңдар.
2.
Бейнелеу өнеріне қажетті құралдар.
3.
Қазақстаннан шыққан алғашқы әйел суретшісі кім?
4.
Плэнэр дегеніміз не?
117


5.
Қай суретшінің атымен еліміздің Мемлекеттік бейнелеу өнері , мұражайы, сурет мектептері мен 
колледждері аталады?
6.
Ою-өрнек дегеіміз не?
7.
Жаңа сабақты қорытындылау, оқущылар жұмысын талдап, саралап, көрме ұйымдастыру.
8.
Оқушыларды бағалау.
9.
Үйге тапсырма беру. Абайдың жылдың төрт мезгіліне арнап жазған өлеңдері бойынша сурет 
салу.
* * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет