Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет170/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:АБАЙ. «КҮЗ»
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы 
қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исаева Тұраргүл Салауатқызы
Сабақтың тақырыбы: Абай. «Күз»
Сабақтың мақсаты: а ) Білімділік: Оқушылардың Абай туралы білімдерін жинақтап, тұжырымдау. "Күз" өлеңінің 
мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау
ә) Дамытушылық: Өз бетінше салыстыру, қорытынды жасай білу, шебер де шешен өткір сөйлей білуге үйрету, 
қабілеттері мен ізденімпаздық, байқағыштық машықтарын дамыту.
Б) Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру, жамандықтан жирендіру, табиғатты қорғап, аялай білуге үйрету. «Адам» 
деген ұлы есімге лайық жеке тұлғаның өнегелі де өсиетті,сөз маржандары арқылы Отан сүйгіштікке, имандылыққа, білімді, 
өнерлі болуға, тілімізді,қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Абай суреті, Күз мезгілінің суреттері, слайд, электронды оқулық
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекілік
Пәнаралық байланыс : Әдебиет, музыка, қазақ тілі 
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім-өз тілім ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым бақытым дана тілім
2 Өткен сабақты бекіту.
Ә. Дүйсенбиев Ақылшым-мұғалім
1. Оқушылардан өлеңді жатқа сұрау
2.Өлеңді хормен айту
3 Сұрақтарға жауап алу.
-
Қолыңа қалам алып жазуды үйреткен кім?
-
Ұстаздар мерекесі қашан тойланады?
-
Қазан айы жылдың қай мезгілінде?
-
Күз айында қандай мерекелер бар?
Күз суреті 
Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден аңғардың? Күз туралы білімдерін сызбаға толтыру.
Бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыз Абай атамыздың «Күз » өлеңі
«Абай ата » ағашын толтыру
Абай ата туралы не білеміз? Оқушылардың жауаптарын толықтыру.
Электронды оқулықтан Абай туралы мағлұматтар тыңдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет