ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университеті, п.ғ.к. Елеусинова Гүлім. Қазақстан, Ақтөбе
Оқыту үдерісіне жаңа технологияларды енгізу бір күннің немесе бір жекелеген ғалымның ісі емес, ол ұзақ та күрделі
кезеңнен өткен ғылыми ізденістердің, ұстаздар ұжымының, ғалымдар қауымдастығының ынтымақтасқан еңбегінің
нәтижесі екені белгілі құбылыс. Сондықтан біз осы мақалада қазақстандық және шетел ғалымдарының оқыту үдерісіне
енгізген жаңа технологияларына тоқталып, саралауды жөн көрдік.
Павлодарлық ғалымдар «Основы современной дидактики» еңбегінде оқыту әдістеріне сипаттама бере отырып,
логикалық, ұйымдастырушылық тәсілдерді қолдану арқылы оқу ақпаратын сөз көмегімен хабарлауды сөздік әдістің
мазмұнына жатқызады [1, б. 67]. Сөздік әдісті жүзеге асырудың
логикалық тәсілін
қолдану мақсатында М.Әуезов
шығармаларын оқытуда «түсіну» және «түйсіну» арқылы алынған білімді талдау және соның негізінде қорытынды жасауға
үйретеміз. Мұғалім тарапынан берілетін білім, ақпарат білімгердің әрі қарай ізденуіне қозғау салатындай бағытта
ұйымдастырылуы қажет. Ол үшін зерттеуге ынталандыратындай сұрақтар дайындалынады. Мәселен, М.Әуезовтің «Қараш-
қараш оқиғасы» бойынша келесі шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға болады: повестегі «адам-табиғат» қарым-
қатынасын сипаттайтын эпизодтарға тақырып қойып суретін салу және кейіпкердің ішкі жан дүниесі мен табиғаттың
мінезіндегі ұқсастықты талдау арқылы қорытынды пікір айту («Бақтығұл және Талғар өзені», «Бақтығұл және Ожар биігі»,
«Бақтығұл және Қараш-Қараш өңірі» т.б.); Бақтығұлдың ішкі сезімінің иррационалдық құбылысын беруде жазушы
қолданған тәсілдерді тауып, бағалау (қимыл, мимикалық өзгеріс, сөзбен бекіту); Бақтығұлдың әрбір әрекетке бару алдында
табиғатпен тілдесуінің педагогикалық-психологиялық астарын түсіндір («Ожардың қазіргі түсі жаулық жайын
сыбырлағандай, ...жаланып тілегендей, ...еліріп қарап тұр», ақырында шешуші сәт келгенде «Мұз тау мұның ішіне мұздай
қайрат кіргізді»).
Сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында М.Әуезов қолданған теңеулерді, көне сөздерді теріп жазу («жақсы лепес – жарым
ырыс», «ашамайлау келген Қатша», «қобдиланған қалың май», «...жүз жыланның сумаң қағып жарысқанындай», «...дүркіреп
жосыған көп жайынның жөңкілеуіндей», т.б.); повестегі қарама-қайшылықтың сипатын көрсететін эпизодтарды талдау
арқылы Бақтығұлдың ойларына сипаттама беру. Осы тапсырмаларды орындау
Достарыңызбен бөлісу: