Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет27/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)
4C17B0D7-9E92-4790-8F06-879E9986C52B
Аялы алақан (тренинг):
Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әркезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.
5 ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата— аналардың көздері байлаулы өзбаласын қолынан танып алу керек)
Балаңызды қалай таныдыңыз?
18


Балаңызды тани алмаймын —ау деген қорқыныш болдыма?
Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?
Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңызба?
Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.
Өсиет әңгіме.
Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның 
озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды даалып береді. Бірақ баласы 
осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, 
ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.Бала 
сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-
анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. 
(қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?)
Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін 
емес.
Байлаулы бала (тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
Сіз балаңызбен түнде келе жатырсыз,түнкі клубтың қасынан өтіп бара жатырсыз.. Балаңыз қызыққаны соншалық клубқа 
қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
Қарасаңыз балаңыз темекі тартып отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
Жұмыстан шаршап келсеңіз,еш тірлік істемей бала компьютордан не теледидардан бір сөзбен айтқанда кино көріп отыр. 
Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз олемес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
Балаңыз досымен келіспей қалдыда, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» 
сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет