Ақмола облысы. Зеренді ауданы. Викторовка ауылы
КММ «Викторовка орта мектебінің»
бастауыш сынып мұғалімі Мейрхан Алмагул
Бұл сабақ жоспары “Оқу мен оқытудағы” жаңа әдіс-тәсілдерді сондай-ақ, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту негізінде
құрылған және оқушыларды жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасай отырып, әр түрлі тапсырмалар арқылы
шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Қазақ тілі 2 «а» сыныбы Мұғалімі: Мейрхан Алмагул
Еңбек өтіліме 20 жыл, бірінші санатты.
Күні:17.11.2016жыл
Сабақтың тақырыбы
: сөйлем және мәтін
Сабақтың мақсаты:
Жалпы мақсаты:
Оқушылардың мәтін туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлем туралы түсініктерін кеңейту. Сабақты
Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен ұштастыра отырып, оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар мәтін туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлем туралы түсініктерін кеңейтеді. Сабақты
Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен байланыстыра отырып, туған еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктері артады. Әр түрлі
тапсырмаларды орындай отырып, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге дағдыланады.
Ресурстар:
интербелсенді тақта, смайликтер, стикерлер, видео, аудиа жазба, Қожанасырдың тапсырмасы, ойындар,
деңгейлік тапсырмалар.
Достарыңызбен бөлісу: