Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Жусупова Бибигул Талапбаевна



Pdf көрінісі
бет18/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Жусупова Бибигул Талапбаевна
Сабақтың тақырыбы: 
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. 
Сабақтың мақсаты: 
білімділігі-поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын ашу;
дамытушылығы-оқушылардың теориялық білімін тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорын, дүниетанымын
байыту, түйін жасай білу дағдысын дамыту; 
тәрбиелігі-оқушыларды қатыгездік пен мансапқорлықтан жирену, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу, ғылым, білімді
насихаттау;
Сабақтың көрнекілігі:
Абайдың, Шығыс ақындарының, Аристотельдің, Ескендірдің, кино режиссері Оливер Стоунның,
Александр рөлін сомдаған Джаред Летоның суреттері, кітаптар т.б.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, қазақ тілі, география, кино өнері;
Сабақтың әдісі:
Блум таксономиясы, СКТ, сараптамалық технология т.б.
Сабақтың түрі:
аралас сабақ 
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: а)сәлемдесу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу;
б) оқушыларды Абайдың нақыл сөзі бойынша екі топқа бөлінеді.
І топ Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге.
ІІ топ Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Ескендір» поэмасы- Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманисттік ой-пікірлерін тереңірек
танытатын шығармасы. Поэма Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған, Еуропада Александр
Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған.
І. «Білу» сатысы Поэмаға сатылай кешенді талдау жүргізу.
І топ Авторы: Абай Құнанбаев 
Тақырыбы: Шығыста Ескендір, Еуропада Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше
толғаған. Әділдік пен жауыздық арасындағы тартыс.
Жанр түрі: поэма
Поэма – белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық немесе лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттелетін
көлемді шығарма.
Идеясы:
Ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті,
мансапқорлықты әшкерлеу. 
ІІ топ Шығарма кейіпкерлері: Ескендір, Аристотель, Мифологиялық образдар табиғат, жұмбақ бұлақ, алтын қақпа,
күзетші, орамалға түйілген сүйек.
Интерактивті тақта арқылы “Александр Македонский” киносынан үзінді көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет