Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет193/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf
Resume
Сергіту сәті.
ІІІ-тапсырма:
Мамандықтар туралы білетін тақпақтар айту.
ІV-тапсырма:
«Дұрыс па, бұрыс па?» ойынын ойнайық.
Дұрыс болса қолдарын көтеру керек, бұрыс болса 
көтермеу керек.
Жақсы балалар, біз Жұмбақбай атаның жіберген барлық 
тапсырмаларын орындадық.
Енді мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр. Мен 
сендерге әріптер көрсетемін, ал сендер сол әріптерден 
басталатын мамандықтың түрін айтасыңдар.
Қабылдайды.
3-4 бала әңгіме құрастырады.
«Кімге не керек?» 
дидактикалық ойынын 
ойнайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Балалар тақпақтарын айтады.
Дұрыс болса қолдарын 
көтереді, бұрыс болса 
көтермейді.
Қабылдайды, айтуға 
тырысады.
Рефлексивті түзету
Қорытындылау мақсатында біз сендермен 
«Кім 
болам ?»
дидактикалық ойынын ойнаймыз.
- Өте жақсы балалар. Осындай әр түрлі мамандыққа жету 
үшін алдымен білім алып, көп нәрсені үйрену керек. Міне, 
мамандықтың бәрі жақсы екеніне көзіміз жеткен сияқты. 
Қандай маман иесі болса да, аянбай еңбек етеді. Біз 
олардың еңбегін бағалап, құрмет тұтуымыз керек .
-Ендеше еңбек туралы мақал-мәтел айтайық.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Оқу іс-әрекетін мына өлең жолдарымен аяқтаймын.
2-3 бала әңгімелейді.
Мақал – мәтелдерді қайталап 
айтады.
Қабылдайды.
Сыйлыққа қуанады.
142


Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
–демекші, сендер де өскеде 
дені сау, білімді, еңбекқор, ақылды болып, осы 
Қазақстанымыздың көркейіп, өсуіне өз үлестеріңді қосып, 
армандаған маман иесі болатындарыңа сенемін. 
Балаларды сабаққа қатысу ерекшеліктеріне қарай бағалау. 
Жұмбақбай атаның сыйлықтарын таратып беремін.
Күтілетін нәтиже: Мамандықтың бәрі жақсы
Біледі: Мамандық иелерінің атауларын, атқаратын қызметін біледі.
Игереді : Жұмбақтарды шешіп, өлеңдерді жатқа айтып, мақал-мәтелдерді айтуды игереді.
Меңгереді: Сурет бойынша әңгіме құрастыруды, ойын анық, нақты жеткізуді, үлкендердің еңбегін бағалауды меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет