Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Танрбергенова Лайла Нургалиевна



Pdf көрінісі
бет192/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf
Resume
Танрбергенова Лайла Нургалиевна
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Қатынас
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, 
қызығушылықтарын арттыру, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешу арқылы толық сөйлеуге баулу, сөздік 
қорларын дамыту. Еңбекке деген қызығушылықтарын ояту және үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, сәйкестік тесті, ойын.
Пән аралық байланыс: сауат ашу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, ойынға қажет құралдар, мамандық түрлері.
Бөлімі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық 
-қозғаушылық
-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қазір бізде тіл дамыту оқу іс-
әрекеті. Бүгінгі оқу іс-әрекеті ерекше, бізге қонақтар келіп 
отыр. Солармен амандасып алайық.
Қонақтармен амандасу.
Армысың,қайырымды аспан-ата!
Армысың, мейірімді Жер ана!
Армысың, шұғылалы алтын күнім! Армысыздар, 
Қабылдайды.
Амандасады.
141


қонақтарым ,достарым!
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінің айларын атаңдар, қазір нешінші айы, қалай 
аталады?
Аптаның нешінші күні, қалай аталады?
Өткен сабақты есімізге түсірейік. Не жайында айтылды? 
«Жеті қазынаның бірі», оның ішінде ит туралы ертегіні 
естеріне түсіру.
Тосын сәт.
Балалар, бүгін бізге пошташы ағай хат жіберіпті. Ашып 
көрейік. 
(хатты ашу)
-Бұл хатты бізге Жұмбақбай ата жіберіпті. Мен сендерге 
оқып берейін.
Жұмбақтарды шешеді. 
(Слайд)
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы ашылды.
Тағы қандай мамандық иелерін білеміз?
Шаттық шеңберін жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Естеріне түсіреді, сұрақтарға 
жауап береді.
Қызығушылық танытады.
Жұмбақтарды шешеді.
Білгендерін айтады
Ұйымдастырушылық- 
ізденушілік
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. 
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. 
Сондықтан бүгін осы мамандық түрлеріне, атқаратын 
қызметтеріне тоқталайық. Өзіміз қалаған мамандық 
туралы өз ойымызды айтайық.Өмірден өз орнын тауып, 
елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Ендеше Жұмбақбай атаның тапсырмаларын орындап 
көрейік. Дайынсыңдар ма? Мұқият болайық.
1-тапсырма:
«Суреттерге қарап әңгіме құрастыр». Бірнеше суреттер 
берілген. 3-4 бала осы суреттерге қарап, әңгіме 
құрастырып айтулары керек.
ІІ-тапсырма:
Дәптермен жұмыс. «Кімге не керек?» дидактикалық 
ойыны
. (әр мамандық иесінің қажетті заттарын 
сызықпен қосып көрсету керек)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет