Е. Сидоркиннің жұмысы қазақ халқының арасында кеңінен танымал болды. Себебі, Сидоркин еңбектері ұлттық нақышқа
толы. Е. Сидоркиннің гравюралары техника жағынан қазақ текеметтері мен сырмақтарында пайдаланатын ақ және қара
түстерді қолдануымен ерекшеленеді. Е. Сидоркиннің көптеген суреттері Мәскеу, Лейпциг, Краков, Венеция, Будапешт
сынды қалалардағы халықаралық көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
5. Түсініп ал!
- Графика – тушьпен немесе қарындашпен салған сурет өнерінің түрі. Суретті салуда 1 немесе 2 ғана түсті қолданады.
- Гравюра – графиканың бір түрі. Сурет кескінін ағаш, линолиум, тас немесе металдан ойып оны қағазға басып салу арқылы
жасалатын сурет түрі.
- Литография – үгітілмелі жұмсаз тасқа сурет кескінін қашап салып, қағазға басып шығаратын сурет түрі.
- Линогравюра – линолиумде сурет кескінін ойып, қағазға басып шығаратын сурет түрі.
6. Галереяға саяхат.
Суретші Сидоркиннің «Батыр» «Жекпе - жек» т. б. шығармаларымен таныстыру.
Батырлар бейнесі Евгений Сидоркиннің шығармашылығында кеңінен орын алған. Суретші эпостық жырлардағы
батырлардың бейнесін сомдайды. Е. Сидоркин өзінің суреттерінде батырлардың жаумен щайқасып, аттың шабысы, үркіп
ұшқан құстарды бейнелей келе, асқан жауынгерлік рухты көрсете білді. Барлық образдар қимыл үстінде болғанымен, бір
сәтке тына қалғандай әсер қалдырады. Суретшінің мұндай нәтижеге жетуі оның гравюра техникасын шеберлікпен қолдана
білуінде. Ең басты гравюрада батырдың образы сомдалады. Суретші батырлар мен жауынгерлердің шайқас алдындағы
көңіл - күйі мен ішкі жан тебіренісін, оның қимыл - қозғалысын бейнелеуге талпынады.
Күйді тыңдасаң да, суретті көріп тамашаласаң да нақты бір көркемдік бейнені көресің. Күйде аттың шабысын көбірек
тыңдасаң, суретте жауға қарсы кұстай ұшуға даяр тұрған сақадай сай сәйгүлік аттарды көресің. Иә, қазақ батырларының
бейнесін сомдаған музыка және суреттегі қимыл - қозғалыс бір сәтке тына қалып, өткен мен бүгінді жалғастырар мәңгілік
ескерткіш іспетті болмақ!
Достарыңызбен бөлісу: