Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет299/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгіннен бастап бұл «Тарих әлемі» деп аталатын бөлімде саяхатымызды бастаймыз. Тақтаға
«Тарихтың қайнар көзі-деректер» деп жазып қоямын. Алдын ала дайындап қарап қоятын жоғарыда айтылған
көрнектіліктерге (үй тапсырмасын сұрағанда балаларды алаңдатпау үшін бұл көрнектіліктерді ашпалы-жаппалы тақтаның
артына іліп дайындап қоямын) оқушылардың назарын аударады. Тақтада ілінген суреттер бойынша оқушыларға «Сендер
тақтада ненің суреттерін көріп отырсыңдар?» деген сияқты сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты түсіндіремін. Өтілетін жаңа
оқу материалы бойынша жаңа тақырыптың жоспары тақтаға жазылады.
Тақырыптың жоспары:
1 Тарихи дерек көздері .
ә) Жазбаша деректер.
ә) Ауызша деректер.
б) Археологиялық деректер.
в) Этнографиялық деректер.
Бұл түсініктер мен ұғымдар оқушыларға бұрын таныс болмағандықтан алдын ала 
«Тарихи деректер» деген кесте іліп қою керек.
Тарихи деректер
Ауызша
Жазбаша
Археологиялық
Отанымыздың тарихы бүгінгі күнге дейін негізінен заттай және жазбаша түрде басқа тілдегі деректер арқылы жазылып
келгенін, атадан-балаға мұра болып жетіп отырған ауызша тарих айту дәстүрінің болғанына тоқталу. Тарихты дұрыс түсіну
үшін осы деректердің бәрін салыстыра қолдану керектігін айтамын.
Ауызша деректерден басқа қазақтардың ата-бабалары түріктерде де жазба дәстүрінің болғандығына оның куәләрі деп
көне түрік жазуларының суретін көрсетемін. Мұндағы жазулардың қазіргі жазулардан айырмашылығына тоқталамын. Осы
орайда жазбаша тарихи деректерге қандай деректер жататынын сұрап, оқушылардың жауаптарынан кейін оны толықтыру
мақсатынында оқушыларға жалпы мәтіннен жазбаша деректерге не жататынын іздетіп, 1 оқушыға оқытамын. Осылайша
ауызша дәстүр бағанымен жұмыс түрін жүргізіп тақтадағы кестені толтырамын. Алғаш жазуды ойлап тапқан кімдер, неге
жазған деген сияқты мәселелердің шет жағасын аздап айтып өтемін. Бұл кейбір қызығушылығын тудырған оқушылардың
осы тақырыпты өздігінен үйден меңгеріп келуіне түрткі болады.Оқушылардың назарын археологиялық деректер деген
кестеге аударып, тақтадағы суреттерге қарап оқушыларға бұл бағанды өздері толтыруға тапсырма беремін, Оқушылар
бағанды толтырып болғаннан кейін, 1-2 оқушыға оқытқызып, қалған оқушылар айтпай қалған жері болса оқулық мәтінін
пайдалана отырып толықтырады. Археология ғылымын «күрекпен қаруланған ғылым» деп те айта кетемін. Ал енді
этнография ғылымы туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыруда жер бетінде 3000 жуық этнос өкілдері өмір сүретінін,
олардың тек 200-дейі ғана өз мемлекеттігін құрып отырғанын, олардың даму деңгейі мен тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-
219


дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерге толы екенін ескертемін. Тақтаға «Этнография- әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін
зерттейтін ғылым» деп жазып балалар оны дәптеріне көшіріп алады. Бұл жерде өздерінің теледидардан көрген әртүрлі
халықтар мен тайпалардың өмір тіршілігіндегі ерекшеліктері туралы әңгімелесемін. Оқушыларды ойландыру мақсатынында
«Қалай ойлайсыңдар,неліктен жер бетіндегі халықтардың өмір сүруі әркелкі,бірінікі сонау алғашқы қауымдық
құрылыстағыдай болса,бірі ұлы ғылыми-техникалық прогресті бастан кешіп отыр» деген сияқты сұрақтар қоямын. «Этнос»
терминінің анықтамасын дәптерлеріне жазғызып қоямын.
Қорытындылау

Тарих ғылымы осындай дерек көздерінің арқасында ғана ақиқат болатынын айтып, бұл ғылым 
салаларында қызмет ететін адамдардың еңбегінің ауыр екенін, соған қарамастан олар адамзат үшін тер төгіп, қызмет етіп 
жүргендерін баса айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет