“Ынтымағы жарасқан қазақ елі”
тақырыбында өткен сабақта
оқушылар Қазақстан Республикасында мекендеп, бақытты өмір сүріп отырған 131 ұлт пен ұлыстың өзара достық қарым-
қатынасы және еліміздегі тыныштық пен бейбітшіліктің маңызы туралы түсінді. Әр ұлттың әнін айтып, биін билеп, достық
көңілмен, ынтымақты өмір сүруге, отанын сүюге тәрбиеленді.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау-ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, қоғамдық орындарда үлкенді
сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
“Үлкенді сыйла”, “Сәлем бер, жолын кесіп
өтпе”
деген ұлағатты сөздердің мәні өте зор.
“Ата-анаң-алтын тұғырың”, “Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін
білмес”
деген мақал-мәтелдің мағынасына терең бойлап,
“Ата-анам-берік қорғаным”
тақырыбына эссе жазды.
“Ата
салты-асыл қазына”
атты тәрбие сағатында оқушылар ата салтының ұлттық құндылық ретіндегі мәнін ашып, салт-
дәстүрдің, ата салтының ұрпаққа мұра ретіндегі маңызын түсінді.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі-әлемге теңдесі жоқ тәрбие.
М.Жұмабаев
педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау
алатыны туралы
“Педагогика” атты еңбегінде былай дейді:
“Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып
келе жатқан жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан әрбір
тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті”.
Қазіргі жаһандану кезінде батыс өркениетінен біздің үйренетініміз де бар, ысырып тастайтын тұстарымыз да бар.
Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен
жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу-біздің негізгі
мақсатымыз.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында:
“Біздің жас мемлекетіміз өсіп-
жетіліп, кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз заманының жауапты да
жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болмақ, олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі
заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады...”деп атап көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |