Сабақтың түрі:
Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы
Сабақтың типі:
Сайыс сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойындар,
жеке оқушымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі :
Кесте, житондар, қима қағаздар, слайдтар, суреттер.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
- оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.
- Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Әр топ мүшесі тапсырмаларды мұқият орындап, өзінің тобына ұпай жинауға тиіс.
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Көршіңді тексер.
2. Өткенге шолу.
3. Білгім келеді.
4. Демалыс.
5. Біліміңді пайдалан.
6. Не үйрендік? Не білдік?
7. Нәтиже.
8. Қойын дәптер.
- Сабаққа дайын болсақ, әр сайыс өткен сайын орындаған топқа
бағалау житондарын беріп отырамын. Сабақ соңында бағалау осы
житондар арқылы жүзеге асырылады.
І. «Көршіңді тексер»
(
Үй тапсырмасын тексеру)
Әр оқушы көршісінің үй тапсырмасын тексереді, бағалайды, житондар беріледі.
ІІ.
«Өткенге шолу».
Септік атаулары
Сұрақтары
Септік жалғаулары
Атау септік
Кім? Не?
Ілік септік
Кімнің? Ненің?
-ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің,.
Барыс септік
Кімге? Неге? Қайда?
-ға, -ге, -қа, -ке.
Табыс септік
Кімді? Нені?
-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.
Жатыс септік
Кімде? Неде?
-да, -де, -та, -те.
Шығыс септік
Кімнен? Неден?
-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен.
Көмектес септік
Кіммен? Немен?
-мен, -бен, -пен.
Атау септіктегі зат есімдер
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
деген сұрақтарға жауап береді, сөйлемде бастауыш болады.
Қар
қалың жауды.
ІІІ. «Білгім келеді»
Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау, қосымша қай септікте тұрғанын анықтау.
Атақ-даңқ қалай шығады?
Достарыңызбен бөлісу: |