Мысалы, қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды орындатуға болады: •
Тақырыпқа байланысты көрген бейнежазбаға өз ойын білдіру; диалог, монолог құру; сурет арқылы ойын жеткізу;
•
Аудиожазба тыңдағаннан кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы екенін топпен талқылап,
мазмұндайды;
•
Мәтінді тыңдатып, бір-біріне сұрақ қояды. Өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен
аудиомәтінді қайта тыңдап, салыстырады;
•
Мәтіннің басын тыңдатып, аяғын өздері құрастырып, аяқтайды;
•
Бірнеше сөйлем беріп, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келетінін табу және т.б.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1.«Жаңа технологияларды оқытудың тиімді жолдары», «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде». №11/2011ж.
2.Сариева К. Жаңа технологияны қолдану жолдары. «Қазақ тілі мен әдебиеті»
3. «Мемлекеттік тілді оқытудың кейбір мәселелері», «Білім кілті». №6/2012
* * * * * * * Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы №41 Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі Абдирайимов Азизжан Махаммаджанович Пәні: Қазақстан тарихы Тақырыбы: 1931-1933 жылдардағы ашаршылық. Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың әлеуметтік- экономикалық зардаптары. Сыныбы: 11-сынып Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың әлеуметтік-
экономикалық зардаптары.
Сілтеме Білім стандарты,пән бағдарламасы.11-сынып оқулығы,электронды оқулық,интернет материалдары
Жалпы мақсаты 1931-1932 жылдардағы қуаңшылық пен ашаршылық туралы білімдерін ғылыми тұрғыда меңгеруге
қолайлы орта жасау
Міндет-тері Ашаршылық,нәубет жылдары,ұжымдастыру қорытындылары туралы ұғындыру
Күтілетін нәтиже 1931-1932 жылдардағы қуаңшылық пен ашаршылық, жергілікті халықтың республикадан тыс
жерлерге қоныс аударуы туралы мағлұматтар алады
Негізгі идеялар Күштеп ұжымдастыру,ашаршылық және зардаптары туралы біледі.Жергілікті халықтың
республикадан тыс жерлерге қоныс аударуы, зорлық-зомбылықтарға қарсы
наразылықтар,көтерілістер жөнінде біледі, ұжымдастырудың қорытындыларын саралай алады.