Сабақ түрі, өткізу үлгісі: дәстүрлі емес сабақ Сабақтың мақсаттары



Дата08.09.2017
өлшемі104,18 Kb.
#30736
түріСабақ
Сабақ жоспары

Оқытушы: Абдрахметова Алтыншаш Касымовна

Пән: Қазақстан тарихы

Мамандық,топ:

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығын құрудың Сталиндік – Голощекиндік үлгісі. Ұжымдастырудың әлеуметтік –экономикалық зардаптары

Күні__________________________________

Сабақ түрі, өткізу үлгісі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру кезінде 1929-1931 жылдарда жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін түсіндіру.

Дамытушылығы: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға талдау жасау арқылы студенттің ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Аштық, індет туралы айта отырып,оқушыларды әрқашанда өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, саяси саналылыққа тәрбиелеу.

Әдістері: топпен, жұппен, жеке жұмыс, тест

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттері: татулық, зиян келтірмеу

Сабақ жабдығы: суреттер аштық туралы, «Сталин Голощекин порттреттері», Ашаршылық! Видео, слайд, АКТ (презентациялық слайд)

Пәнаралық байланыс: саясаттану

Әдебиет:

Негізгі:Ә.Төлеубаев,Ж.Қасымбаев,М.Қойгелдиев,Е.Қалиева,Т.Далаева.Қазақстан тарихы. Алматы: Мектеп, 2010

Қосымша: Асфендияров С.О. Происхождение казахов. История Казахстана,1993. Геродот История в девяти томах, Құрышжанов А. және т.б.

Әдістемелік көмекші құралдары (кестелер, сызбалар)



Сабақтың барысы және уақытының өлшемі

Бүгінгі  күнді  түсініп – түйсіну үшін де, болашақтың  дидарын  көзге  елестету  үшін де, кешегі  кезеңге  көз  жүгіртуіміз  керек

                                        Н. Ә. Назарбаев



Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, студенттердің сабаққа қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары.

«Тілек» тренингі арқылы аудиторияда тыныштық сәтін орнату.

Аудиторияны 3 топқа бөлу, ( Мұғалім әріптер жазылған түрлі түсті парақтарды ұсынады, топ басшылары өз тобына ұнаған түстерін таңдап алу  барысында әріптерді құрастыру арқылы әр  оптың атауы шығады)  

І топ «Кеңестер»

ІІ топ «Шаруалар»

ІІІ топ «Зиялылар»  (Әр топ атауларының мағынасы бойынша топ басшылары сипаттама береді)



3 мин

2

Білімдерін тексеру (астын сызу)



Жалпы сұрау, нұсқа бойынша сұрау, тестілеу, тақта алдында сұрау, жағдайлық есептер, графикалық диктант, тарихи диктант, іскерлік ойын, сұрақ – жауап

  1. Индустрияландыру дегеніміз не? (Ірі өнеркәсіптерді құру, дамыту)

  2. Түрксіб темір жолы қай жылы салынды? (1927-1931жж)

  3. Голощекин Қазақстанды қай жылдары басқарды? (1925-1933жж)

10 мин

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

(астын сызу)


Түсіндірілетін сұрақтар тізімі

Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, рефератифтік

Жоспар:

  1. Ұжымдастыруға дейінгі қазақ ауылы

  2. Ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру

  3. Асырасілтеушілік зардаптары: Ұлы нәубет (Ұлы жұт)

  4. Шаруаларды жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы

  5. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы сталиндік үлгінің зардаптарына қарсы күрес

  6. Жаңа сөздерге түсінік беру

Қазақстанда ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастырудың нәтижесін бейне ролик арқылы көрелік

«Ашаршылық жылдарында» атты бейнебаян

25 мин

4

Студенттердің өздік жұмысы

Рефераттар жазу, ғылыми мақалаларды конспектілеу, жазбаша шығармашылық жұмыстарды орындау.

Ұжымдастырудың зардаптарының дұрыс жауабын белгілеңіз: дұрыс жауаптарына «+» белгісімен, дұрыс емес жауаптарына «-» белгісімен белгілеңіз.

1 Әміршіл – әкімшіл жүйе әдісімен жүргізілді. +

2 Ұжымдастыру салдарынан 1930-1932жылдары елді аштық жайлады. +

3 Қала тұрғындарының 0,1 адамы қырылды. -

4 1930-1932 жылдар тарихқа «ұлы жұт» деген атпен енді. +

5 Ұжымдастыру салдарынан 1931-1933 жылдары елді аштық жайлады. -

6 Аштық салдарынан 6,2 млн тұрғынның 2,1 млн-ы аштық пен індеттен, яғни халықтың 0,4 % млн қырылды. +

7 Бір миллионнан астам қазақтар республикадан тыс жерлерге Ауғанстан, Иран мен Қытайға көшіп кетті.+

8 Республикада 40,5 млн. малдан 1933 жылы 1 қаңтарда не бары 4,5 млн.ғана қалған еді +



5 мин

5

Тақырыпты бекіту

Жалпы сұрау, тестілеу, үлестірмелі жазбаша тапсырмалар, графикалық диктант, дағды мен біліктілікті іс жүзінде көрсету, венн диаграммасы

Тест

1.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты қашан жарияланды?


А) 1927ж XVсъезі В) 1926ж XІVсъезі С) 1923ж Х съезі Д) 1922ж XVсъезі

2. Ұжымдастыруды қашан аяқтау көзделді?


А) 1929 жыл В) 1931 жылы С) 1932 жылы Д) 1933жыл

3. Қазақстанда ірі байларды тәркілеу қай жылы басталды?


А) 1939жыл В) 1934 жыл С) 1928жыл Д) 1925жыл

4. Ұжымдастыру қандай әдіс-тәсілмен жүзеге асырылды?


А) Келісімге келе отырып
В) күштеу әдісімен
С) Ерікті түрде
Д) Кедейлер мүддесін көздей отырып

5. Ашаршылық алдындағы қазақ халқының саны?


А) 10 млн В) 7,5 млн С) 6,2 млн Д) 4,3 млн

6. 1929 жылғы Қазақстандағы мал саны қанша?


А) 29,9 млн В) 35,7 млн С) 38,6 млн Д) 40,5 млн

7. 1933 жылы 1 қаңтарда республикада қанша мал саны қалды?


А) 4,5 млн В) 10 млн С) 25 млн Д) 40,5 млн

8. 1932 жылдың шілде айында жазылған «Бесеудің хат» кімге арналды?


А) Сталинге В) Голощекинге С) Құрамысовқа Д) Калининге

9. Қазақстанда ұжымдастыруға қарсы қанша жаппай толқулар мен көтерілістер болды?


А) 152 В) 270 С) 305 Д) 372

10. 1931 жылдың көктемінде Қарқаралы округінің көтеріліс жасаған шаруалардың түгелдей қырылған аудандарын атаңдар?

А) Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау
В) Алматы, Семей
С) Құсмұрын, Созақ
Д) Қарақұм, Қарқара, Ойыл

«8 - 7», 5

5 - 6”, 4

1 - 3”, 3


10 мин

6

Сабақ қорытындысы

Түсінік бере отырып, бағалау

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінен: « Бұл - біріншіден, ашаршылықта құрбан болған миллиондардың рухына бүгінгі буыннан тағзым. Екіншіден, келер ұрпақ ата - бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажет тағзым.


3 мин

7

Үй тапсырмасы

Қазақстанда ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру оқып келу. «Мың өліп, мың тірілген қазағым», «Отанына оралған қандастар» тақырыптарына эссе жазып келу.

2 мин

Оқытушының қолы _____________________________

Тақырыбы: Қазақстанда ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру

Жоспар:

Ұжымдастыруға дейінгі қазақ ауылы

Ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру

Асырасілтеушілік зардаптары: Ұлы нәубет (Ұлы жұт)

Шаруаларды жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы

Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы сталиндік үлгінің зардаптарына қарсы күрес



Жаңа сөздерге түсінік беру
«1928 жылы қаңтар-ақпан айларында И.В.Сталин Сібір өңіріне сапарға шықты. Сол сапарында бірталай басшыны «кулакқа жұмсақсың», «ауқаттыға бүйрегің бұрады» деп орындарынан алып, партиядан шығарып қайтты. Сол-ақ екен, басшыларды орнынан алу жаппай індетке айналды. Орал өңірінің бір өзінде ғана 1928 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1157 адам қызметінен қуылды. Базар атаулылар жабылып, шаруаның үй-жайы, қора қопсысы тінтіліп, үйінен астық табылған кулак түгілі, орташа да сотқа тартылып, ауыл-селода аласапыран басталды. Ауыл-шаруашылығын ұжымдастыру идеясы мейлінше қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен лаңкестікке негізделді. Ұжымдастыру алдын ала даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен, көбінесе, әкімшілдік күштеу әдістермен жеделдете жүргізілді. Көшпелі ауылдарға ұжымдастыруды жеделдету жөнінде нұсқаулар түсіп жатты. Ұйымдастыру саясатына Созақтағы қарсылықтың ерекшелігі қалың бұқарасы ғана емес, сонымен бірге, кедейлер мен батырақтар да қатысты. Адай, Табын, Сарбаздар көтерілісі деген атпен белгілі біз атап кеткен Ырғыздағы, Қарақұмдағы, Торғайдағы және Батбаққарадағы қозғалыстары, Сарқанд, Балқаш, Шұбартау, Абралы көтерілістері, Голощекин арнайы төрт отряд жіберіп басқан, Сарысу мен Таластағы көтерілістер 1916 жылғы оқиғаны еріксіз еске түсіреді. Себебі, шектен шыққан қаныпезер де жүгенсіз қаталдық 1916 жылы көрген бұқараның тарапынан қарсылыққа, наразылыққа кездесуі әбден орынды болатын. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мыңдай адам қатысты. Шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардың 5551 адамы сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда, күштеп ұйымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды. «Сол жылдары Голощекин қол қойған құжаттармен Қазақ өлкелік партия комитетінің шешімдерімен танысқан адам мынандай қорытындыға келері хақ: адам өлігі сасыған қазақ даласында адам тағдырынан мал тағдыры жоғары қойылды. Сөйлеген сөздерінде Голощекин адамдардың аштан өлуі туралы жұмған аузын ашпай, мал даулаумен болды. Адамдық келбетін жоғалтып, құныққан мал алғыштан нағыз жан алғышқа айналды. 1932 жылы 17 қыркүйекте БК (б) П Орталық Комитетінің «Қазақстанның ауыл шаруашылығы, сонымен қатар мал шаруашылығы туралы» қаулысын қабылдауы еді. Қазақтар жаппай қырылып жатқанда жарық көрген бұл қаулы, қазақ өлкелік партия комитетінің жүргізіп отырған бағытын дұрыс деп мақұлдап, байларға және ұлтшылдарға қарсы күресті күшейте түсуге шақырды». Осылай, өркениетті кооператорлар қоғамын құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. 1930-1932 жылдары аштық етек алды. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40%-ы қырылды. Жаппай жазалау мен аштық халықты орныққан жерін тастап, көшіп кетуге мәжбүр етті. Бір миллионнан астам қазақ республикадан тыс жерге көшіп кетті. 1931-1933 жылдары республиканың 6,2 млн тұрғынының 2,1 млн-ы аштықтан қырылды. Оның ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны -0,4 млн адам. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса, 1933 жылы 1-қаңтарда не бары 4,5 млн ғана мал қалған еді. «Голощекин қазақ жерінде көтерілістерді басқарушы «ұлтшылдық орталық» бар деп мәлімдепті. Осы орталықты басқарды немесе соған қатысты деген желеумен, 1930 жылдардың аяғында Т.Рысқұлов (1884-1938), С.Қожанов, Н.Нұрмақов (1895-1937), Ұ.Құлымбетов (1891-1938), М.Жұмабаев (1893-1938), А.Байтұрсынов (1873-1937), Ж.Аймауытов (1889-1931) және т.б. «Халық жауы» деп атанды». Асыра сілтеуге наразылық білдіріп, бір топ қазақ зиялылары жан дауысымен дабыл қақты. 1932 жылы Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Қ.Қуанышев, Е.Алтынбеков секілді қайраткерлер ВКП (б) Орталық Комитетіне хат жолдады. Ол «Бесеудің хаты» деп аталды. Т.Рысқұловтың 1933 жылдың 9 -наурызында И.В.Сталинге жазған хатындағы мағлұматтар: Мұнда хат авторы Қазақстаннан тыс жерлерге көшіп кеткен 240 мың қазақты әр түрлі өлкелерден түскен деректер негізінде санап береді. Өйткені, мұнда Төменгі Волга, Украина, Кавказ, Батыс Қытай, Ауғаныстан, Иран және т.б. жерлерге ауа көшкен қазақтар кірмей қалған. 1932-1932 жылдары Қазақстанды жайлаған алапат аштық ауыл шаруашылығын Лениндік кооперативтендіру жолымен социализм арнасына түсірудің идеяларын бүркеніп алған шын мәнінде Сталин-Голощекин басқару аппаратының қазақ халқын қорлап, ұлттық намысын, дәстүр-құқын, өзіндік ерекшеліктерін аяқ-асты етті. Жартылай құртып жіберуге алып келген.

Демек, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи дәстүрлерін рухани, әлеуметтік және саяси дамуын түбірінен өзгерітіп жіберген оның демографиялық және ұлттық табиғи өсімін тежеген ұжымдастыру тарих бетінде қайталанбауы тиіс.


Жаңа сөздерге түсінік беру

Ұжымдастыру – шағын шаруа қожалықтарын ірі ұжымдық шаруашылыққа біріктіру. 


Коммуна – мүлік және еңбек бөлісіне негізделген, бірігіп өмір сүретін адамдар ұжымы (өндірісті қоғамдастыру).
Кооперация (лат. ынтымақтастық) – ортақ мақсатты жүзеге асыру үшін адамдардың өзара бірігіп жұмыс істеуі. 
Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын құрал-саймандарды біріктіру.


Ұжымдастыруға арналған тест сұрақтары

1.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты қашан жарияланды?


А) 1927ж XVсъезі В) 1926ж XІVсъезі С) 1923ж Х съезі Д) 1922ж XVсъезі

2. Ұжымдастыруды қашан аяқтау көзделді?


А) 1929 жыл В) 1931 жылы С) 1932 жылы Д) 1933жыл

3. Қазақстанда ірі байларды тәркілеу қай жылы басталды?


А) 1939жыл В) 1934 жыл С) 1928жыл Д) 1925жыл

4. Ұжымдастыру қандай әдіс-тәсілмен жүзеге асырылды?


А) Келісімге келе отырып
В) күштеу әдісімен
С) Ерікті түрде
Д) Кедейлер мүддесін көздей отырып

5. Ашаршылық алдындағы қазақ халқының саны?


А) 10 млн В) 7,5 млн С) 6,2 млн Д) 4,3 млн

6. 1929 жылғы Қазақстандағы мал саны қанша?


А) 29,9 млн В) 35,7 млн С) 38,6 млн Д) 40,5 млн

7. 1933 жылы 1 қаңтарда республикада қанша мал саны қалды?


А) 4,5 млн В) 10 млн С) 25 млн Д) 40,5 млн

8. 1932 жылдың шілде айында жазылған «Бесеудің хат» кімге арналды?


А) Сталинге В) Голощекинге С) Құрамысовқа Д) Калининге

9. Қазақстанда ұжымдастыруға қарсы қанша жаппай толқулар мен көтерілістер болды?


А) 152 В) 270 С) 305 Д) 372

10. 1931 жылдың көктемінде Қарқаралы округінің көтеріліс жасаған шаруалардың түгелдей қырылған аудандарын атаңдар?



А) Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау
В) Алматы, Семей
С) Құсмұрын, Созақ
Д) Қарақұм, Қарқара, Ойыл

ТЕСТ ЖҰМЫСЫНЫҢ КІЛТІ

1 А

2 С


3 С

4 В


5 С

6 Д


7 А

8 В


9 Д

10А

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет