Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет293/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Құмырсқалар
Тұқым тобының 
даралары
Құрылыс ерекшелігі
Қызметтері 
Аналық 
Қанаты болады, ұрықтану соңынан қанатын 
өзі жұлып тастайды. Денесі ірі болады.
Жұмыртқа салады, қоныс аудару қызметін 
атқарады.
Аталық 
Қанаты болады. Аналыққа қарағанда денесі 
кішілеу келеді.
Аналықты ұрықтандырады, өледі. Қоныс 
аудару қызметін атқарады.
Жұмысшы 
Қанаты болмайды. Денесі шағындау болады.
Илеу салады. Қорек тауып аналық пен 
дернәсілдерді қоректендіреді. 
Әскер 
Қанаты болмайды. Денесі шағындау болады.
Жауынан қорғайды. Жинаған дәндерді 
жұмсартып, езіндіге айналдырады.
4. Бейнефильм көріп «қорек іздеу түйсігі» және мінез - қылық ерекшелігіне сипаттама беру. 3 мин
Топтасып тіршілік етуіне байланысты мінез - қылығы күрделене түскен. Бұл орталық жүйке жүйесі арқылы басқарылатын 
күрделі құбылыс. Жемін іздеп табуға, қауіп - қатерден қашып құтылуға, ұрпақ беруге, қатал жағдайларда бейімделіп 
тіршілік ете алуға бағытталады. Тұқым қуалайды.
В. Ой толғаныс «Жарғаққанаттылардың маңызы»
Бал ара Құмырсқа Өсімдікті тозаңдандыру. Бал жинайды. Ауруларға емдік қасиеті бар.
Топырақты қопсытады. Орман ішін тазалайды, жәндіктерге қамқор бола алады
Білгенің жөн! Егер ара шағып алса сізге марганец ерітіндісі (марганцовка), мұз, түймедағы мен ақжелек (петрушка) қажет 
болады. 1 - Қадам - пинцет, ине арқылы жараның ішінде қалған араның бізгегін шығару керек, болмаса саусақты пайдалану 
керек. Алдын ала сумен немесе сутек тотығымен тазалау қажет.
2 - Қадам - түсі қызыл - күлгін калий перманганатын (марганцовка) мақтаға малып, шағылған жерді сүртіңіз. Ол болмаса 
сутек тотығын немесе тұздалған су қолдануға болады.
3 - Қадам - Шағылған жерге мұз кесегін басыңыз. Ол жараның ісінуін кемітеді. Дәрі қобдишаңыздан белсендірілген көмір 
табылса, оның 3 дәрісін майдалап, 1 шай қасық су қосып, араластырып, жараның бетіне жағыңыз. Бетін дәкемен жабыңыз. 
Осылайша шағылған жердің уы тезірек кетіп, ісінбейді.
4 - Қадам - Енді жараны іштей емдеу керек. 1 шай қасық кептірілген шайқурай (зверобой), қырмызы (календула), түймедағы
не шалфей өсімдіктерін 1 стақан қайнаған сумен араластырып, 15 - 20 минутқа қойыңыз. Ерітіндіні сүзіп, жартысын бірден, 
екінші жартысын 1 сағаттан кейін ішіңіз.
5 - Қадам - Кейбір жағдайда шағылған жер қызарып, қатты ісіп кетеді. Ісікті басу үшін, балғын ақжелек жапырақтарын 
майдалап, үстіне қайнаған су құйыңыз. Суыған кезде қайнатпаға таза мата не дәкені малып, жараның бетін басыңыз.
Ара шаққаннан кейін өзіңізді нашар сезініп, жүрегіңіз айнып, қызуыңыз көтеріліп, дем алумен қиындықтарыңыз болса, 
тезірек дәрігердің көмегіне жүгінгуіңіз керек. Бұл аллергияның белгілері болуы мүмкін.
Сондай - ақ, табиғат аясына демалысқа шыққанда түрлі әтірлер мен иісі өткір косметикалық заттар қолданбай, тым жарқын 
түстерге киінбеңіз, бұл аралардың көңілін қызықтыруы мүмкін.
Әдеби шығарма. Ө. Тұрманжанов «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар»
Өтебай Тұрманжанов - Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар
Ертеде бір орманда,
Өзі салған қорғанда,
Бір топ ара тұрыпты:
Бәрі еңбеккер жан екен,
Жегендері бал екен,
Хан, ханша, хан – Ара.
той жасап елін жинап
Жар салып, бойжеткен
Қызын лайықты адамға
Күйеуге бермекші болады
Хан қызын алмаққа
Көбелек те, маса да, құмырсқа да
Жиналды, Хан ара шығып
Асырса жұрттан өнерін.
Қызымды соған беремін...
214


Ортаға шықты көбелек.
Билеп кетті дөңгелеп.
Көбелек ханға қарады.
«Сауықшыл деп, сәншіл – деп,
Мадақтап «күйеу» баланы.
Ханшайым сонда сөйледі,
Құр сауық қарын ашырар,
Өнерлі ұл елін асырар.
Сауықшыл екен балаңыз.
Басқа бір қыз қараңыз...
Ортаға шықты масалар.
Сансыз сары найзагер,
Сайыста озған айлакер,
Кілең қанқор, бас алар,
Аюыңды, араңды,
Арыстанды, қабанды,
Шаншамыз да түйрейміз,
Батыр біздің баламыз!
Қызыңызды аламыз...
Ханшайым сөз бастады:
«Қайратты» екен халқыңыз,
Тым ерсі екен салтыңыз,
Қан ғана екен асыңыз,
Қағынған екен жасыңыз,
Жақсылық салттың бірі жоқ,
Адал еңбек тағы жоқ.
(Еңбексіз елдің бағы жоқ.)
Лайық емес балаңыз...
Ең соңынан баяулап,
Жайбарақат жаяулап,
Ортаға шықты құмырсқа.
Қоңырқай қара шаруамыз,
Астыққа толы ауламыз.
Дәнді өзіміз аламыз,
Сондықтан біз қарамыз.
Төгілгенді жинаймыз,
Шашылғанды табамыз.
Еңбекпенен бағамыз.
Еңбек біздің атамыз!
Еңбек біздің анамыз!.. деп
Ханға қарап қиылды,
ханымыз сонда сөйледі:
Құдамыз болсын құмырсқа!
Өзіміздей тірлікті,
Ынтымақты, бірлікті,
Өсіп - өнген ел екен,
Ағып жатқан кен екен - деп,
Құмырсқа мен аралар
Қиыспас дос құдалар,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет