Сабақтың әдісі:
жаттығу, практикалық.
Сабақтың түрі:
Сыни ойлау
Сабақтың көрнекілігі:
белсенді тақта, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың бағалау шкаласымен таныстыру.
II. Қызығушылықты ояту «ой қозғау».
Өтілген материалды тексеру, қорыту.
Дыбыс үндестігі дегеніміз не ?
Буын үндестігі дегеніміз не ?
Сөз тіркесі қалай жасалады ?
Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемді қалай ажыратамыз ?
III. Мағынаны тану.
- І –ші слайд.
-Жалаң сөйлем дегеніміз не?
(Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді
жалаң сөйлем
деп атайды. )
-Жайылма сөйлем дегеніміз не?
(Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі
жайылма сөйлем
деп
аталады.)
Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсіру:
1.Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.
2.Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.
3.Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазу.
Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызу.
-Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын алып тастап, оқып көрейікші. Не байқадыңдар?
-Тұрлаусыз мүшелердің өздері сөйлем бола алмайды. Сөйлемдегі ой әр уақытта тұрлаулы мүшелер, яғни бастауыш пен
баяндауыш арқылы білінеді.
2-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазу. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.
Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды. (күн)
Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны. (теледидар)
Топпен жұмыс
3-жаттығу
І –топ
Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.
ІІ – топ
Сурет бойынша өлең құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.
5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атату.
-Ол сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?
Достарыңызбен бөлісу: |