дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерге толы екенін ескертемін. Тақтаға «Этнография- әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін
зерттейтін ғылым» деп жазып балалар оны дәптеріне көшіріп алады. Бұл жерде өздерінің теледидардан көрген әртүрлі
халықтар мен тайпалардың өмір тіршілігіндегі ерекшеліктері туралы әңгімелесемін. Оқушыларды ойландыру мақсатынында
«Қалай
ойлайсыңдар,неліктен жер бетіндегі халықтардың өмір сүруі әркелкі,бірінікі
сонау алғашқы қауымдық
құрылыстағыдай болса,бірі ұлы ғылыми-техникалық прогресті бастан кешіп отыр» деген сияқты сұрақтар қоямын. «Этнос»
терминінің анықтамасын дәптерлеріне жазғызып қоямын.
Қорытындылау
.
Тарих ғылымы осындай дерек көздерінің арқасында ғана ақиқат болатынын айтып, бұл ғылым
салаларында қызмет ететін адамдардың еңбегінің ауыр екенін, соған қарамастан олар адамзат үшін тер төгіп, қызмет етіп
жүргендерін баса айтады.
Достарыңызбен бөлісу: