Халықтың денсаулығы-ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
Қазақ халқы
“Бірінші
байлық-денсаулық”, “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде”
деп жан саулығы мен тән саулығын, қоршаған
ортаның тазалығын сақтауға, нығайтуға мән берген. Салауатты өмір сүру, адам денсаулығына зиян заттардан аулақ болуды
балалар бойына қалыптастыруда
“Денім сау болсың десең...”,
“Менің денсаулығым-менің болашағым”
тақырыбы
бойынша өткен сабақтарда эссе- толғаулар жазып, нақыл сөздердің мағынасын ашты. Экологиялық мәдениетті
қалыптастыру, табиғатты қорғау, аялау туралы тақырыптарда оқушылар табиғат-тіршіліктің бастауы, адам табиғаттың бір
бөлшегі екендігін түсініп, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы білімдерін кеңейтті.
“Табиғат- тал бесігің , аялай біл!”
тақырыбына эссе-толғау жазып, пікірталас өткізді.
“Табиғатты қорғау-дәстүріміз”
атты тәрбие сағатында оқушылар
табиғатпен үйлесімділік таба біліп, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейтті, табиғатқа жауапкершілікпен қарап,
ұқыпты болу-әр азаматтың міндеті екенін түсінді.
“Көгалдандыру-көптің ісі”
атты мектеп маңын көгалдандыру жұмысына
белсене араласып, әр оқушы өз үлесін қосып, әр тіккен шыбықтың еңбекпен отырғызылуына мән берді.
Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік, ешқашан ескірмек емес.
Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында, отбасында,
олардың өнерлерінде, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрінде.
“Әлдилеген әлемді бесігімен...”
тақырыбында өткен сабақта
оқушылар ана туралы жазылған тамаша ғибратты сөздер мен өлеңдердің мағынасын ашып, аналарының балаға мейірімін,
махаббаты мен үлкен еңбектерін ақтауға, балалық сүйіспеншілікпен жауап беріп, құрметтеуге тәрбиеленді.
Көрнекті педагог В.Сухомлинский “Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай қалыптасады”
дегеніндей, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек,
ертеңгі азамат-жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне
құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |