Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
психолог, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Базелькаламова Алмагуль Насепханқызы
Баяндаманың тақырыбы:
Өзін – өзі тану пәні мен халықтық педагогиканың өзара үйлесімділігі .
12 жылдық білім тұжырымдамасында “тәрбиенің мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге
дайын, өзгермелі даму үстіндегі орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді
тұлғаны дамыту және қалыптастыру”-делінген.
Халықта
“Ағаш түзу өсу үшін оны шыбық кезінде баптау және түзеу керек, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете
алмайсың”
деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сияқты
адамгершіліктің құндылықтарын сіңіріп, өзіне-өзі сенімді болуға, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен
педагогтар шешуші рөл атқарады.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев “Адамның адамшылығы-жақсы ұстаздан”
деп ұстаз рөлін жоғары бағалаған.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне қойылар талап жоғары.
Өзін-өзі тану бағыты-жалпыадамзаттық рухани
құндылықтарды өз бастауы деп білетінін айтсақ, ол ұлтымыздың салт-санасымен, дәстүр-қалпымен сабақтасып жатыр.
Қазақта әр маусымның өзі табиғи қалпына сай халықтық дәстүрлермен ерекшеленеді. Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз
мерекесіне қатысты
“Самарқанның көк тасы еріген күн...”
деген тіркес ежелден бар. Жастарды кішіпейілділікке,
достыққа, кешірімге баулу арқылы “Самарқанның көк тасы ерігенде, біздер неге татуласпаймыз?” дей отырып, өзара
достыққа, кешірімге баулудың маңызы зор. Мектепте өтетін Наурыз мерекесінің түрлендіріліп, жаңаша заманауи
бағдарламалармен айшықталып жүргізілуі әр балаға қуаныш сыйлап, қазақ халқының ұлттық мерекелерінің мәртебесін
көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: |