Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


«ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ



Pdf көрінісі
бет335/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

«ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ 
ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ»
Жамбыл облысы «Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің 
лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ізденуші: Ізбасар Айсара Дүйсенбиқызы 9 сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Оразбаева Индира Жандаулетовна
биология пәнінің мұғалімі
Тақырыбы:
«Дәрілік өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы»
Бағыты: 
Жаратылыстану
Секция: 
Биология
I. Кіріспе Ғылыми жұмыстың мақсаты
– дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшіліктерін,сонымен
бірге өсімдіктердің шипалығын кеңінен насихаттау. 
Тіршілік процесіндегі өсімділігін және әдемілігін сонымен бірге өсімдіктің шипалығын анықтау.Өсімдіктердің
табиғатта – ауаны тазартуы, шаң мен улы газдарды өзіне сіңіруі, тағамдық, емдік, сәндік қасиеті жайлы толық мағлұмат алу.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей 
міндеттер
қойылады:
- ғылыми әдебиеттерге шолу, мәлімет жинақтау
- өсімдіктердің өсірілуі, мерзімінің және мөлшерінің оның өнгіштігіне және көшеттерінің өсірілуі.
- өскіндердің биологиясын және морфологиясын анықтау.
- өсімдіктердің өсуінің ерекшеліктерін анықтау.
- өсімдіктің қоршаған ортаның әртүрлі кері әсерлеріне төзімділігін анықтау.
- өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын анықтау жолдары.
Ғылыми жұмыстың тәрбиелік мәні 
- бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне тигізер пайдасы мол.Өсімдіктердің табиғатта ауаны
тазартуы, тағамдық, сәндік сонымен бірге емдік қасиеттері бар екенін толығырақ жан-жақты зерттелінуде.Тақырып
мазмұнды тәлім тәрбиелік мәні зор.
Жұмыстың өзектілігі: 
Табиғат – адамзат атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы, өсіп-өнер мекені. «Табиғатым
– тағдырым» деп халық айтқандай, біте қайнасып жатқан табиғат туындыларын бір-бірінен бөліп тастап байланысын бұзу
қателікке әкеп соғары сөзсіз. Туған табиғатымыздың құрамдас бір бөлігі - өсімдік. Өсімдік – табиғаттың тірі перзенті. Жас
ұрпақтың көзге көрінбес бір қызметі үшін ата-бабаларымыз «өркенің өссін» деп ризашылығын білдіріп бата берген. Бұл екі
сөздің философиялық, тәрбиелік мәні өте зор. Халықтың даналығынан шыққан «өркен» деген сөз бойында бүршігі,
жапырағы бар өсімдікті білдіреді. Өркен өсіп, дамып, бұтақтанып үлкен бәйтерекке айналғаны сияқты үлкейіп, бала-шағаң
көбейіп, өміріңді жалғастырсын дегенді меңзейді. Сондай-ақ бұл бата адам баласы мен өсімдік арасындағы қарым-
қатынастың тамыры тереңде жатқандығын көрсетіп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет