«Жігер» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі Қыдырова Шынар Жасқайратқызы «Ормандағы аңдар» Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға үйрету.
Аңдарды сипаттауға жаттықтыру, тақпақтар арқылы тілдерін дамыту. Сөздік қорларын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып,
өздігінен байланыстыра сөйлем құрауға жетелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Көрнекілігі: Суреттер, ертегі кейіпкерлері.
Әдіс –тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, айту, сұрақ-жауап, қайталау, мадақтау.
Билингвизм: аңдар - животные
«Шаттық шеңбері» Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, қонақтармен амандасу.
Қол алысып, қане біз,
Достасайық бәріміз.
Армысың алтын күнім,
Армысың балабақшам.
Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз,
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Бәріңізге амандасып,
Басымызды иеміз.
Бүгінгі оқу іс –әрекетімізде орманға саяхат жасаймыз.
-Ал, балалар қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші!
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
- Қыс айларын атап беріңдерші?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Табиғатта қыс мезгілінде табиғатты қандай құбылыстар болады?
- Күн суытады, қар жауады, боран соғады, айналаның бәрін қар басады. Қардан аққала, доп жасап, шанамен сырғанақ
ойнаймыз.
- Балалар тыңдаңдаршы, бір дыбыс шығады! Телевизор қосылып, аңдар балаларды қонаққа шақырады. Ал, балалар орманға
қонаққа барайық па, қандай көлікпен барамыз? Автобуспен барамыз. Жолда балаларға сұрақтар қою.
- Орманда қандай аңдар тұрады?
- Аю, қасқыр, түлкі, қоян.
- Балалар аю қыста не істейді, нені жақсы көреді?
- Аю қыста ұйықтайды, балды жақсы көреді.
- Ал, қасқырдың, түлкінің, қоянның түстері қандай, нені жақсы көреді?
- Олар етті, сәбізді жақсы көреді.
- Ой, орманның ауасы қандай тамаша!